15 ОКТЯБРЯ / 20
BI Group экожүйесі: бір қосымшамен жайлы өмір
На казахском

Пандемия кезінде құрылыс холдингі өз жұмысын қалай түрлендірді және дербес цифрлы экожүйесін қалай дамытып жатыр?

 

COVID-19 пандемиясы әлемдік экономиканың барлық саласына, соның ішінде құрылыс саласына да соққы болып тиді. Бұған көптеген факторлар, мысалы, құрылыс жұмыстарының немесе құрылыс материалдарын өндірудің төмендеуі ықпал етеді. Десе де, сыртқы факторлардың қысымына төтеп беріп қана қоймай, «коронадағдарыстан» жеңімпаз болып шығып, бұрынғыдан да тұрақты болу үшін бизнес-модельдерге деген көзқарасты өзгерту керек, себебі жұмысты жаңа деңгейге көтермей, жағдайды түзеу мүмкін емес.

BI Group – өсудің жаңа тетіктерін іздеудің қажеттігін дер кезінде түсінген нарықтағы ойыншылардың бірі. BI Group 25 жыл ішінде шағын құрылыс компаниясынан 5 млн м2 астам тұрғын үй салған халықаралық холдингке айналды. Пандемиядан әлдеқайда бұрын, 2018 жылдан бастап холдинг цифрландыру бағдарламасын қолға алуды шешкен болатын, холдингтің сол шешімі 2020 жылғы орын алған жағдайда өз пайдасын тигізді. BI Group компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Жеңіс Мұхиев жұмысқа деген көзқарасты өзгертудің компанияға неліктен маңызды екенін және оларға жаңа экожүйенің не үшін қажет екенін айтып берді.

 

 Көктем. Пандемияның өршіп тұрған уақыты. Компания елде жарияланған төтенше жағдайдан қалай шықты, не өзгерді?

 

– Біріншіден, адамдар онлайн өмірге көшіп, тұрғын үйді Интернеттен сатып алуға қызығушылық таныта бастағаны туралы бизнестегі жаңашылдық бізге де өз белгісін берді. Бұған дейін қазақстандықтардың осындай маңызды әрі қомақты көлемде онлайн сатып алуға дайын екендіктерін елестетудің өзі қиын еді. Енді тіпті біздің клиенттеріміз өздерінің болашақ пәтерлерін желі арқылы көруді жөн көреді, дәл осы жерде айта кететін нәрсе адамдардың біздің тұрғын үйлердің сапасының стандарттары туралы білетіндіктері де маңызды болып отыр.

Біз жаңа жағдайға тез бейімделе білдік. Клиенттерімізге жайлы жағдай жасау маңызды екенін түсіндік. Соның ішінде қашықтан байланыс орнатуды қолға алдық. Пандемия кезінде біздің клиенттер 18,5 мың онлайн-төлем жасай алды. Бұдан басқа байланыс орталығымыз, сайттағы онлайн-чат, сондай-ақ WhatsApp мессенджері, Skype және Zoom арқылы бейнебайланыс арқылы 117 мың адамға кеңес бере алдық. BI Clients мобильді қосымшасы арқылы пәтер сатып алуға мыңнан астам келісімшартқа қол қойылып, клиенттер пәтерлер, автотұрақтар мен қоймаларды қосқанда 1766  үй-жайға онлайн режімде тапсырыс беріп үлгерді. 

  – Сіздің үйлерге қалай қызмет көрсетіледі?

– Шын мәнінде, шектеу енгізілген кезеңде BI Group үйлеріндегі өмір басқаларға қарағанда ыңғайлырақ болды, біздің салған 50 мыңнан астам үй мен пәтерде 200 мыңнан астам клиентіміз тұрып жатыр. Бірыңғай басқарушы компания кіреберістерді, аулалар мен алаңдарды сапалы түрде зарарсыздандырып, тазарту жұмыстарын жүргізіп отырды.  Егер тұрғындарға бірдеңені жөндеу қажет болса,  онлайн режімінде өтінім бере алады.

Пандемия кезінде үйлерінен кетуге мәжбүр болған тұрғындардың алаңдамауына да жағдай жасалды, өйткені BI Group компаниясының ақылды үйді басқару жүйесі кез келген уақытта қауіпсіздікті бақылауға мүмкіндік берді. Бұған тек бақылау камералары ғана емес, сонымен қатар су бергіштерді, электр қуатын, тұрмыстық техниканы, түтін сорғыштарды, ІТ-телефония, ақылды құлыптар мен басқаларын басқару мүмкіндігі кіреді.

– Осының бәрі болуы үшін IT-өнімдерді әзірлеп, оны байыпты түрде дамытумен айналысу керек. ІТ саласындағы жұмысыңызды қалай үйлестірдіңіз?

– Біз бірнеше жылдан бері құрылыс саласы үшін де, тұрғындардың жайлылығы үшін де IT-қызметті дамытып келеміз.  Мұның бәрін аяққа тұрғызып, әрі қарай жүргізетін BI Innovations деген жеке бөліміміз бар. 2019 жылдың соңында, цифрлық қызметтердің едәуір бөлігі әзірленген кезде, біз оларды BI Ecosystem атты бір жұмыс механизміне біріктіру туралы шешім қабылдадық. Сол кезде, шын мәнінде, республикамызда тұңғыш рет бірегей цифрлық экожүйе пайда болды. Соның арқасында клиенттеріміз пәтер сатып алудан немесе ақылды үйді басқарудан бастап азық-түлік жеткізу мен шүмекті жөндеуге дейінгі жайлы өмір сүруге қажетті қызметтердің барлық жиынтығын алатын болады.

Біздің экожүйенің әрбір буыны кез келген мәселені шешуге көмектесу үшін клиенттің әр жасаған қадамын алдын ала білетіндей деңгейде жұмыс істейді. Мысалы, егер клиент жылжымайтын мүлікті таңдау туралы ойланса, Қазақстандағы жылжымайтын мүліктің алғашқы онлайн-дүкені BI Click қызмет көрсетуге дайын. Оның көмегімен сіз әлемнің кез келген нүктесінен сату бөліміне бармай-ақ, қажетті тетікті бір рет басу арқылы пәтер сатып ала аласыз. Пәтер сатып алдыңыз ба, сапалы жөндеу қажет пе? Жаңа ғимараттардағы пәтер жөндеуді конструктордың шешімімен және сенімді мердігерлердің көмегімен жоспарлауға көмектесетін Smart Remont қосымшасы бар. Қосымшалар мен қызмет түрлері өте көп – үй тазарту қызметі, ферма өнімдерін жеткізу қызметі, тіпті смартфон арқылы үйді басқаруға да болады. 

 Біз басқа да қызмет түрлерін цифрландыруға бел будық. Мысалы, өте жиі кездесетін оқиғалардың бірі – пәтердің кілтін жоғалту. BI Innovations бұл мәселені біздің нарық үшін бірегей Air Pass жобасын жасау арқылы шешіп берді. Қосымшаның көмегімен аулаға, кіреберіске, пәтерге ешқандай кілтсіз кіруге болады, ол үшін смартфонда қосымша мен дауыспен басқару жүйесі болса жеткілікті, сондай-ақ адамның бетін сканерлеу немесе саусақ іздері бәрін жасайды.

 – Мұның бәрі біртұтас механизм ретінде қашан жұмыс істей бастайды?

– Біз әлі барлық жобаны таныстырған жоқпыз. Ресми шығарылым 22 қазанға жоспарланып отыр, сол күні BI Ecosystem экожүйесінің онлайн-таныстырылымын ұйымдастырғымыз келеді. Тұсаукесерде компанияның негізін қалаушы Айдын Рахымбаев пен жекелеген сервистердің басшылары инновациялар мен цифрлық өнімдер туралы ғана емес, жайлы тұрғын үйге деген көзқарастың қалай өзгеретіні, жылжымайтын мүлік нарығындағы болатын өзгерістер мен жыл соңына қарай пайда болатын трендтер туралы айтып береді. Айтпақшы, сонымен қатар ақылды үйге арналған пакеттер, миллион теңгеге техника жиынтығы, IPhone 12 және тағы басқа көптеген жүлде қоры бар ұтыс ойыны өткізіледі. 21 қазанға дейін тіркелуге болады.

 

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар