16 ДЕКАБРЯ / 17 BI Development
Екі есе қуаныш!
фывфыв

Тәуелсіздік күні 172 елордалық отбасы үшін ерекше күн болды. Олар "Арман Қала" ТК-нің пәтер иелері атанды. Бұл танымал кешеннің оныншы және соңғы кезегін ерекше қылып тапсыруды шешіпті. Архитектор Нұрлан Қамитов бұл тапсырманы керемет орындады. Кешеннің өзіндік сәулетін сақтай отырып, үй ерекше тұрғызылған. Үйдің ауласы да өзіндік ерекшеліктер және жаңалықтарға толы. Дене шынықтырумен айналысуға арнайы құралдар, вело-жүргіншілерге арналған тұрақтар, ерекше орындықтар және космос тақырыбындағы балалар алаңы. Аулада шахмат ойнауға арналған алаң тұрғындар көңілінен шығары анық.
Және алғаш рет бұл аула аспан астындағы амфитеатрмен жабдықталған. Жаңбыр, күннен қорғайтын шатыр, желден қорғайтын арнайы әйнектер орнатылған. Сыртқы есіктердегі төменде орналасқан екінші домофон кішкентай тұрғындарға арналған. Оңтүстік Кореялық "Silver" лифттері ішінде екі панель, біреуі мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арналған. Пәтер есіктері сапалы әрі сенімді. Үйде өзінің автокөлік тұрағы бар.
" Үй тоғыз қабатты. Дыбыс изоляциясы өте жақсы дәрежеде. Кей жерде пәтерлер арасында кірпіш қабырға болса, кей жерде "қабырға ішіндегі қабырға" технологиясы бойынша соғылған"- деп, жоба жетекшісі Арман Лесбеков атап өтті.
Тарғынбай Тұрсынхан, немерелері Айсұлтан және Айсана:
"Маған BI Group өзінің бір орында тұрмай, әрқашан дамитыны ұнайды. Кезінде төртінші кезек ең күшті болып көрінуші еді. Енді осы үйді көргенде прогресс бір орында тұрмайтынына көзіміз жетті. Қарттарға арналған шахмат, балаларға арналған домофон, осының бәрі бұл үйдің қолайлылығын білдіреді"- дейді.
Бұл мерекелік күні көптеген тағамдар болып, концерттік бағдарлама, викторина, және болашақ көршілердің танысуы өтті. Компаниядан дайын пәтер алғандар жаңа жылды жаңа шаңырақта қарсы алса, қалғандарына жөндеу шаруасымен әлек болуға тура келеді.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар