02 АПРЕЛЯ / 19 BI Construction & Engineering
Елбасы Шамалғандағы BI Construction&Engineering объектісімен танысып шықты
фывфыв

Елбасы Шамалғандағы BI Construction&Engineering объектісімен танысып шықты

Нұрсұлтан Назарбаев Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында BI Construction&Engineering компаниясының «Юг» дивизионы салып жатқан Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс барысымен танысты.
Спорт кешенінде 1024 орынды жабық трибуналары бар спорттық ойындарға арналған алаң, жүгіру жолақтары, футбол алаңы бар ашық стадион мен түрлі спорттық бағыттағы 6 блоктан тұратын екі қабатты ғимаратың құрылысы аяқталуға таяп қалды. Кешенде бокс, күрес үйірмелеріне арналған залдар, бассейн және теннис корты болады.
Құрылысы екі жыл бұрын басталған ғимаратты құрылысшылар 2019 жылдың мамырында тапсыруды жоспарлап отыр.
Бүгінгі таңда Шамалғанда 20 мыңнан астам адам тұрады. Ауылда үш ірі кәсіпорын жұмыс істеп тұр: ұн өнеркәсібі, табиғи шырын мен жиһаз цехі. Ауылда бес мектеп пен екі колледж бар. Ал жаңа спорт кешені аудандағы спортты жаппай дамытуға бағытталған.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар