27 МАРТА / 18 BI Development
Енді үйлер жүз пайыз 3D бойынша жобаланады
На казахском

Еліміздің құрылыс нарығының көшбасшысы болып табылатын компаниямыздың ендігі стратегиялық жоспары – алдағы жылдары өз ауқымын 25%-ға ұлғайту, шетелдерде жобаларды іске асырып, әлемнің топ-100 компаниясының қатарына кіру.

Ал бұл міндеттерді жаңа технологиялардың көмегінсіз жүзеге асыру екіталай, сондықтан BI Group 2016 жылы 3D жобалау яғни BIM-технологиясын құрылысқа қарқынды түрде енгізе бастады. Мақсат – 2017 жылы BIM көмегімен жобалардың 50%-ы орындалуы керек, ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 100%-ға жетуі тиіс.

Біздің мамандар бұл технология көмегімен тек құрылысты жобалау барысында ғана емес, сондай-ақ құрылыс кезінде де қолдана білуі шарт. Бұның қалай жүргізілетінін нақты білу үшін, біздің қызметкерлер норвегиялық Skanska компаниясына іс-сапармен барып, біліктіліктерін арттырып келген болатын.

Неге Skanska десеңіз, бұл әлемдегі ірі құрылыс салушылардың бірі, әлемдегі топ-10 құрылыс компанияның қатарында. Оның үстіне бұл компания ақпараттық модельдеуді енгізе бастаған алғашқылардың бірі.

Skanska бұл жұмыстардың қалай жасалатынын тікелей өз құрылыс алаңында көрсетті.

Бір қызығы олардың құрылыс алаңдарында, BIM-киоскалар орнатылған. Одан жұмысшылар салынып жатқан ғимарат жайында толық ақпарат ала алады. Ал құрылысшылар өздерімен бірге IPad планшетін алып жүреді. Енді елестетіп көріңіз, біздің объектілерде BIM-станциялар тұрса, планшет ұстап жүрген құрылысшылар жүрсе. Иә, мұның бәрі BIM көмегімен іске асатыны сөзсіз!

Норвегияның жетекші құрылыс компаниясына іс-сапар – біздің BIM-қызметкерлер үшін үлкен тәжірибе болды десе болады.

Айта кетейік, қазірдің өзінде компаниямызда 640 қызметкер, 250 жобалау ұйымы BIM технологияны меңгерген, сондай-ақ CMP бойынша серіктестер де бар.

Компаниямыздың 27 жобасы BIM көмегімен жобаланған, олардың арасында BI City және «Времена года» тұрғын үй кешендері бар.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар