08 ИЮЛЯ / 19 BI Development
BI Group клиенттері компания басшылығымен кездесті
фывфыв

BI Group клиенттері компания басшылығымен кездесті

Өткен аптада дәстүрлі Клиенттер форумы өтті. Оған «7Я» 4-1, Nura Esil-2, Orynbor Towers 1-2, 3, Vivat Promenade, «Арнау» – 6,7, «Времена года.Лето» - 1-1, «Қамал» – 5, Park Avenue – 3-3, 4, «Премьера» – 3 тұрғын үй кешендерінің 500-ге жуық тұрғыны қатысты.
Форум – бұл тұрғындар көкейінде жүрген сұрақтарын тікелей басшылыққа қою арқылы жауап алуға арналған алаң. Кездесуді Холдингтің Басқарма төрағасы Амангелді Омаров ашты:
– Біз 2000-ға жуық адамды шақырдық, ал залда олардың үштен бір бөлігі ғана. Әрине, барлығының келмегені өкінішті, бірақ бұл үйлеріміздің көбінде проблемалар туындамайтынын білдіреді. Қалай болғанда да, барлық мәселелерді талқылауға дайынбыз.
BI Group 2019 жылды – «Клиент жылы» деп жариялады. Сервис қызметінің сапасын арттыру мақсатында BI Clients компаниясы құрылды, бас директоры Әсел Жүнісова.
- Биыл BI Group-қа 24 жыл. Біз барлық нысандарымыз үшін жауаптымыз, әңгіме тек жаңа үйлер ғана емес, осы 24 жыл ішінде салынған үйлер туралы да болып отыр. Әрбір үй күтімді қажет етеді. Осы мақсатта BI Clients компаниясы құрылды. Біздің міндет - барлық нысандарда тиісті тәртіп орнату.
Форумда ең өзекті мәселелер талқыланды – бұл пәтердегі дыбыстан оқшаулау, суық балкондар мен үй аумағындағы автожуу. Құрылысшылар мәселелерді жазып алып, жақын арада тұрғындарға атқарылған жұмыстардың нәтижелерін көрсетеді. Сонымен қатар, мәселелерді жедел шешу үшін BI Development бас директоры Максим Чернышов бастаған құрылысшылар тобы үйлерді аралап, бақылау туралы шешім қабылдады.
Форум ұтыс ойынымен аяқталды. Жеңімпаздар тұрмыстық техникаға сертификаттар алды және бас жүлде – 1 000 000 теңгеге саяхатқа жолдама. Оның иегері Таменовтар отбасы - Фараби мен Сурайя болды.
– Біз жеңеміз деп ойлаған жоқпыз. Ұтыс ойыны туралы SMS келді, бірақ біз оған аса назар аудармадық. Бұл біздің алғашқы бірлескен сапарымыз болатын болды. Осындай мүмкіндік үшін сіздерге үлкен рахмет!

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар