27 ЯНВАРЯ / 20 BI Development
Нағыз еркіндікті қалайтын жандарға арналған үй
На казахском

Нағыз еркіндікті қалайтын жандарға арналған үй

Freedom – пәтерлердің сыртқы есігінде электронды құлпы бар бірінші комфорт класты тұрғын үй кешені болмақ. Енді тұрғындарға кілт алып жүрудің еш қажеті жоқ, бұл да бір «еркіндік»!

«Хан Шатырдың» артқы жағындағы аудан күннен-күнге қарқынды дамып келе жатыр. Мәселен, қала әкімдігі «Зеленый квартал» жанынан мектеп салуды жоспарлап отыр. Мұнда жаңа жолдар төселіп, коммуникация желілері жүргізілуде. Бизнес те дамып келеді, жақында «Мечта» дүкені ашылды. Ал Green Mall сауда орталығында Magnum супермаркеті өз жұмысын бастады, оған қоса кинотеатр, мейрамханалар мен ойын-сауық орындары ашылғалы тұр.

Дәл осы «Зеленый кварталға» көршілес жерде FreeDom тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды. Үй «комфорт плюс» санатына жатады. Тек төбе биіктігі мен қасбет материалында ғана болмаса, «бизнес класты» үйлерден аса айырмашылығы жоқ.

Мысалы, 9 және 12 қабатты блоктарда бір қабатта 4-ақ пәтер, кіреберістердің интерьері мен ауланың ландшафтық дизайны бизнес-класс деңгейінде. Оған қоса есіктерге код арқылы ашуға болатын электронды құлып орнатылады.

– Пәтерлерді барынша ыңғайлы етуге тырыстық, бөлмелердің көпшілігі квадрат тәріздес, сондай-ақ 1, 2, 3, 4 бөлмелілерден бөлек, көлемі 47-57 шаршы метр 1,5 бөлмелі пәтерлер де болады, - дейді жобаның бас инженері Максим Мұхамбетов.

Үй 9,12 және 16 қабатты блоктардан тұрады, барлығы 469 пәтер және 20 кеңсе. Жер үсті паркингінде 166 орын. Бірінші кезекті тапсыру 2021 жылдың мамырына, екіншісі – сол жылдың тамызына жоспарланған.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар