16 ФЕВРАЛЯ / 21 BI Development
Елордада жеке желекжолы бар кешен салынуда
фывфыв

Елорданың жаңа құрылыс картасы 1820 пәтерлік ауқымды Grand Turan тұрғын үй кешенімен толығады. Алғашқы тұрғындар қоныс тойын биылғы жылдың соңында тойлай алады.

Тұран даңғылындағы жаңа кешенді компания Нұр-Сұлтанның сол жағалауында, "Хан Шатыр" СОО, Fitness Palace, Ана мен бала ұлттық орталығы, ірі спорттық және басқа да көрнекті нысандардың жанында тұрғызып жатыр. Бірер қадам жерде үш балабақша орналасқан. Аймақтың инфрақұрылымы – жобаның басқа да артықшылықтары үшін жағымды бонус.

"Кешен биіктігі 9-дан 22 қабатқа дейінгі 6 кезектен тұрады. Ауыспалы қабаттылық принципі "қабырға" әсеріне, тығыз құрылыс қысымын болдырмауға және барынша инсоляцияға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондықтан да, бұл ауа, жарық, бос кеңістікті бағалайтындар үшін өте қолайлы", - дейді оның ерекшеліктері туралы Даму бөлімінің менеджері Ілияс Шаймерденов.

Бірақ Grand Turan-ның елорданың басқа жаңа құрылыстарынан басты айырмашылығы – жаяу жүргіншілер желекжолының болуы. Тұрғындар үшін кешкі серуен жасауға болатын Арбат – жобаның барлық кезектерін біріктіреді. Серуендеуге арналған аймақты көгалдандыру, саябақ жиһазымен, күркелермен, ойын және спорт аймақтарымен жабдықтау, сондай-ақ мұнда кофеханалар мен мейрамханалар қарастырылған. Желекжол тұрғын алабының нағыз "жүрегі" болмақ.

BI Group жобаларымен бұрыннан таныс адамдар, компанияның жауапкершілік аймағы пәтердің табалдырығымен аяқталмайтындығын біледі. Құрылысшылар мен дизайнерлер жобаның әрбір бөлігінде: кіреберіс, аула, жақын аумақта жұмыс жүргізеді. Мысалы, аулада демалуға арналған орындар, түрлі жастағы балаларға арналған тартанмен қапталған алаңдар, workout аймағы бар. Кіреберістер театрдағы фойеге ұқсайды: жеке дизайнмен, талғампаз классикалық стильде жасалған. Заманауи шусыз лифтілер, холлдағы ыңғайлы навигация, бала арбасына арналған орындар, бейнебақылау және тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін қозғалыс датчиктері – барлығы ұсақ-түйекке дейін ойластырылған.

Әрине, пәтерлердің жоспарлау шешімдері де қызықты – тіпті ең талапшыл клиенттердің талғамдары да ескеріледі. Сатып алушыларға smart-ремонт және connected home бойынша қосымша функциялар қолжетімді.

Сондай-ақ жобада жабық және ашық көлік тұрақтары, велосипед тұрағына арналған орындар қарастырылған.

Кешеннен пәтер мен кеңсені 30% бастапқы жарнамен бөліп төлеу арқылы алуға болады. Компания Trade In бағдарламасы арқылы сіздің ескі тұрғын үйіңізді сатуға және Grand Turan тұрғын үй кешенінен жаңасын сатып алуға көмектеседі. Толық ақпаратты сату бөлімдерінен немесе 360 қысқа нөмері бойынша ала аласыз. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.


Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар