25 ФЕВРАЛЯ / 21 BI Development
«Зеленый квартал» тұрғын үй кешенінің екінші кезегі 30 сәуірде тапсырылады
На казахском

Бүкіл әлемді шарпыған індет «Зеленый квартал» жобасын іске асыру мерзіміне де әсер етпей қоймады. Десе де, клиенттеріміз Ашық есік күні кешеннің құрылыс барысына бақылау жасай отырып, күтуге тұрарлық екеніне көздері жетті.

Нысанның екінші кезегі өмірді одан сайын жайлырақ етуге көмектесетін инновациялық технологиялармен толықтырылды. Мысалы, мұнда Оңтүстік Кореялық Yelo өндірушісінің заманауи электрондық құлыптары, Face ID компаниясының IP домофоны орнатылған. Оңтүстіккореялық Daewoo Engineering компаниясының мамандарымен бірлесіп жасалған Acoustic Pro шудан оқшаулау жүйесі қолданылды. Үйдің сыртқы бетінің материалы жапондық Kmew компаниясынан әкелінді. Бұл материал бірінші кезектегі үйден бастап қолданылды. Әлемдік көшбасшылардың бірі немістің Schuco компаниясының терезелері ерекше назар аудартады. Мұндай терезелер тек премиум класты үйлерге қойылады.

«Біз клиенттерімізден кілтті тапсыру күнін жылжытқанымыз үшін кешірім сұраймыз. Кешеннің құрылысында шетелдік кәсіпорындардың материалдары қолданылады. Германияда пандемияға байланысты қатаң шектеу шаралары қойылғандықтан, витражды кескін зауыты жұмысын тоқтатып, жақында ғана қайта іске қосылды. Осыған байланысты терезе кескіндері біздің мекемемізге жоспарланған мерзімінен кеш жеткізілді. Алайда біздің клиенттеріміз сапалы терезелерді көріп, босқа күтпегендерін түсінді», - дейді жоба басшысы Фуад Баширов.

Жоба мүшелері тағы бір тосынсыйын кішкентай клиенттеріміз үшін дайындады. Тұрғын үй кешенінің экологиялық ауласында ерекше сәулет пішіндері қойылған. Дамыған инфрақұрылымы ерекше назар аудартады. Дәл қасында еліміздегі ең үлкен спорт залы бар Invictus фитнес-клубы, Magnum супермаркеті, Green Mall сауда ойын-сауық орталығы орналасқан. Оларға бару үшін сізге далаға шығудың да қажеті болмайды. Болашақта мұнда кинотеатр, мейрамханалар галереясы ашылады, ал биылдың өзінде Lancaster Group жеке мектебі жұмыс істейтін болады.

Екінші кезектің пәтерлерінің бәрі сатылып кетті, бірақ есігі жол жақ бетке қарайтын ауданы 700 м2 болатын үш қабатты кеңселер бар. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының, «Қазатомөнеркәсібі» және BI Group-тың бас кеңселері жақын жерде орналасқанын ескерсек, бизнес үшін бұдан жақсы орынды таппасыңыз анық.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар