20 МАРТА / 21 BI Education
Қазақстандық жетекші құрылыс салушы Ташкент қаласында халықаралық Hilton желісінің қонақүйін салады
фывфыв

 

BI Group инновациялық құрылыс холдингі Өзбекстан астанасында Hampton Hilton Tashkent Park Abdula Kodiri халықаралық желісінің қонақүйін салады. Компания тек құрылыс салушы ғана емес, сонымен қатар жобаға инвестор болып табылады. Салынған инвестиция 7 миллиард теңгені құрайды.

          Болашақ қонақүйдің іргетасына капсула салудың салтанатты рәсімі 20 наурызда өтті. Салтанатты рәсімге қазақстандық тарапты BI Group Директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рақымбаев пен Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшілігінің кеңесші-өкілі Қанат Хасенов таныстырды. Іс-шараға Өзбекстан тарапынан Ташкент қаласы әкімінің инвестициялар жөніндегі орынбасары Шароф Рахманов және Murad buildings компаниясының негізін қалаушы Мурад Назаров қатысты. 

          Hampton by Hilton Tashkent Park Abdula Kodiri - BI Group пен Hilton Worldwide компаниялары арасындағы төртінші бірлескен жоба. Холдинг 2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Hilton Astana, 2020 жылы Қазақстанның рухани астанасы Түркістанда Hampton by Hilton Turkistan қонақүйлерін салған. Қазір уақытта Ақтаудың жаңа туристік орталығында Каспий теңізінің жағасында Hilton қонақүйінің құрылысы жүріп жатыр. Өткен жылы BI Group холдингі Hilton Worldwide компаниясымен Орталық Азияда 10 Hampton by Hilton қонақүйін салу туралы бас келісімге қол қойды. Компанияның стратегиясы – Hilton Worldwide компаниясымен Орталық Азиядағы 10 Hampton by Hilton қонақүйінің құрылысы туралы бас келісімге сәйкес Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінде Hilton қонақүй желісін құру. Алдағы 5 жылда бұл келісім жүзеге асырылады.

 Жобаны Ташкентте іске асыру 2021 жылдың мамырында басталады, ал оның аяқталуы 2022 жылдың маусымына жоспарланған.

- Өзбекстанда туризм қарқынды түрде дамып жатыр. Үш жыл ішінде елдегі туристердің саны үш есеге артып, 2019 жылы 6 миллионға жетті. Туризмнен түскен табыс та осы кезеңде 430 миллион доллардан 1 миллиард 313 миллион долларға дейін артты.  Жоба жүзеге асса, Ташкентке келетін қонақтарға қолайлы жағдай туғызуға мүмкіндік туғызады, жергілікті азаматтар халықаралық деңгейде танымал Hilton қонақүй желісінде баға жетпес тәжірибе жинайды. Сонымен қатар қонақүйдің қол жетімді баға саясатын атап өткім келеді. Жоба біздің екі бауырлас республикамыздың арасындағы іскерлік ынтымақтастықтың сәтті үлгісі болады, - деді «BI Group» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рақымбаев.

 Жаңа нысан қаланың дәл орталығында салынады. Қонақүйде 120 нөмір және іскерлік орталық қарастырылған. Құрылыс ондаған жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

BI Group-тың Ташкенттегі алғашқы жобасы - жалпы ауданы 66 мың шаршы метрді құрайтын NRG Oybek тұрғын үй кешенінің құрылысы, оған 33 миллион доллар инвестиция құйылды. Murad Buildings серіктес болу арқылы Өзбекстандағы қазақстандық компания бірнеше бағытта - тұрғын үй, коммерциялық және инфрақұрылымдық құрылыс, сондай-ақ басқару нысандарын дамытып жатыр. Серіктестер өздеріне көлемі жылына 500 мың шаршы метрге жететін, Өзбекстанның құрылыс нарығында жетекші орынға ие болатын ауқымды мақсат қойған. Сондай-ақ қайырымдылық шаралары аясында BI Group Ташкентте алғашқы «Аналар үйін» ашуды жоспарлап отыр.

Анықтама: BI Group – инновациялық құрылыс холдингі, Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында көшбасшы. 1995 жылдан бастап жұмыс істейді, 25 жыл ішінде кәсіби және сенімді серіктес ретінде беделге ие болды. ENR Top 250 Global Contractors әлемдегі ең ірі құрылыс компанияларының рейтингіне енген.

BI Group пен өзбекстандық құрылыс саласындағы көшбасшы Murad Buildings бірлескен NRG компаниясын құрды. Бірлескен кәсіпорынның алғашқы инвестициялық жобалары Ташкенттегі NRG Oybek және Mirzo Ulugbek тұрғын үй кешендері болды.

BI Property - BI Group холдингін құрайтын 7 компанияның бірі. Коммерциялық жылжымайтын мүлік нысандарын басқарумен және пайдаланумен айналысады.

Hilton - құрамына әртүрлі санаттағы 17 қонақүй бренді кіретін әлемге әйгілі қонақүй желісі. Бұл желіде әлем бойынша шамамен 6000 қонақүй бар.

 

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар