27 ДЕКАБРЯ / 22 BI Development
Iconic тұрғын үй кешенінің құрылысына қатысты түсініктеме
На казахском

Іconic ТҮК-ті салу кезінде заңнама нормаларын бұзушылықтар жоқ екенін хабарлаймыз. Құрылыс салушының барлық қажетті құжаттамасы бар: мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы МСҚББ хабарламасы, сондай-ақ әкімдіктің үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта коммуникациялардағы жүктеме көрші үйлердің өміріне әсер етпеуі үшін жұмыстар жүрзілуде. Атап айтқанда, қала тарапынан ТС46-дан «Газовик» үй иелерінің жеке меншік кооперативіне дейін жаңа жылу беру жолы салынды. Сонымен қатар, «АстанаСуАрнасы» сумен жабдықтаудың техникалық шарттарына сәйкес, кешеннің құрылысы аяқталғанға дейін Кувейт мемлекетінің елшілігі жақтағы желілерден су құбыры шығыршықталады және бұл өз кезегінде Ақбұлақ-3 шағын ауданында сумен жабдықтау проблемаларын болдырмауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Еlordaecosystem сұранысы бойынша  сорғы станциясында кәріз жүйелерінің бітелуіне жол бермейтін сорғы ауыстырылды.

Ауданда көліктік жүктемеге қатысты мәселелер туындамайтынын атап өткен жөн. Тұрғын үй кешеніне өту үшін Амман көшесіндегі жаңа жол айрығын кеңейту және құру жобасы әзірленіп, қазір ол бекіту сатысында. Автокөлікке арналған орындарға келетін болсақ, нысан аумағында тұрғындардың көліктері үшін жабық, сондай-ақ қонақтарға арналған ашық тұрақ қарастырылған.

Қазір кешеннің «Марал» көпірі жағында бұрынғы режимде жұмыс істейтін қалалық автотұрақ бар. Бұл автотұрақты елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары пайдалана алады.

Осылайша, жаңа кешеннің құрылысы елорда мен оның халқына қолайсыздық туғызбайды.

Құрметпен, BI Group

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар