15 ИЮЛЯ / 22 BI Development
BI GROUP IRONMAN KAZAKHSTAN: 17 САҒАТ ІШІНДЕ 226 КМ
На казахском

2022 жылдың 14 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында BI GROUP IRONMAN 70.3 ASTANA ірі халықаралық жарысында триатлон әуесқойларын жинайды. Естеріңізге сала кетсек, жарыс Қазақстанда 2018 және 2019 жылдары өткізілді. Биылғы жылы "жартылай темір қашықтық"  деп аталатын сайыстан басқа BI GROUP IRONMAN KAZAKHSTAN -  «толық темір қашықтығы» бойынша да жарыс өтеді.

Әрбір жарыс үзіліссіз өткізілетін үш кезеңнен тұрады: 3,86 км жүзу, 180,25 км велосипедпен жүріп өту және 42,195 км марафондық жүгіру. Ironman 70.3-те  екі есе қысқартылған қашықтықта  өтетін жарыстарды қарастырылған: 1,9 км жүзу, 90 км велосипед жарысы және 21,1 км жүгіру.

Жарысқа 77 елден 2 200 триатлет қатысады, бұл атлеттердің біздің өңірге көбірек көңіл бөлетіндігін көрсетеді. Бұл екі жылдық үзілістен кейінгі Қазақстандағы алғашқы жарыс болады. Ұйымдастырушылар Ұлыбритания, Үндістан, Германия және Ресейден келген спортшылардың үлкен тобын күтеді.

«Мұндай шараны өткізу әуесқой спортты ғана емес, туризмді де дамытуға ықпал етеді. Мысалы, Үндістаннан келген триатлеттер тобы 200 адам көлемінде ұшады,  бұл дегеніміз бүтін бір борт. Спортшылар Қазақстанның оңтүстік өңірін аралап, елмен танысуға ниетті. Менің ойымша, бұл қала бюджетіне және бүкіл республика бюджетіне айтарлықтай үлес қосады, өйткені ол мемлекет қаражатын тартпай жүзеге асырылады», - дейді жарыс директоры Алексей Сидоренко.

Естеріңізге сала кетейік, IRONMAN старты жыл бойы жер шарының түрлі нүктелерінде өтеді. Әрқайсысында маусымның басты мәресі – IRONMAN әлем чемпионатына қатысуға құқық беретін белгілі бір орындар (слоттар) ойнатылады. BI Group IRON Man Kazakhstan Гавайи, Калуга-Конада IRONMAN World Championship 2021-де 45 слот ойнатады.

«Басқа елдердегі жарыстардың жүргізілуіне шектеу қойылғандықтан, біз жарыста 45 слот ойнату мүмкіндігіне қол жеткіздік және оларды ең мықтылар иеленетін болады», - деп бөліседі Алексей.

Іс-шара BI Group холдингінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және Қазақстан Триатлон федерациясының қолдауымен өтеді.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар