18 МАЯ / 21
BI Group Кент тауларындағы экологиялық акцияны қолдады
На казахском

BI Group компаниясы марафоншы Марат Жыланбаевтың Кент тауларындағы жартастарды бұзақылардың жазуларынан тазарту жөніндегі іс-әрекетіне қолдау көрсетті.

Марат Жыланбаев - ең үлкен шөлдерді жалғыз өзі жүріп өткен ғаламшардағы жалғыз адам және оның есімі Гиннестің рекордтар кітабына енген.

 «"Marathon" клубындағы жүгіріп жүрген достарыма елордадан 500 шақырым қашықтықта орналасқан тауға өз қаражатына барып, волонтер болуға ұсыныс жасадым. Жиналмалы шатырларда үш күн бойы тұрып, маңайдағы тастарда бұзақылар қалдырған жазуларды өшіріп, қоқыстарды тазалағым келді. 7 адам ерікті ретінде жазылды.  Сондай-ақ бірнеше компанияға да ұсыныс тастадым. BI Group бірден қолұшын берді. Айдын Рахымбаев қуатты арнайы құм үрлеу құрылғысы бар 4 адамнан тұратын топты және тас бетін тазарту үшін 620 кг кварц құмын бөліп берді», - дейді марафоншы.

Үш күн ішінде астаналықтар тобы 500 шаршы метрден астам жерді тазартты. Тастар тегістеліп, лазерлік және құмды үрлеу машиналары арқылы бастапқы қалпына келтірілді. Топ арасында тастарды қалпына келтіру үшін бояуларды қолданған суретші де болды.

Эко-акция аяқталғаннан кейін еріктілер туристік орындарда табиғатты қорғауға және туған жерімізге құрметпен қарауға шақыратын стендтер орнатты.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар