25 ЯНВАРЯ / 22 BI Development
Танымал блогерлер қандай тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алады
фывфыв

Алматыда 4YOU тұрғын үй кешенінің екінші кезегі тапсырылды.

Заманауи фасад, ықшам бөлшектер және ғимараттың қоршаған ортамен бірігуі BI Group инновациялық құрылыс холдингі тұрғызған жаңа тұрғын үй кешенінің жалғыз артықшылығы емес. 4YOU жобасы бойынша құрылыс жұмыстары 2019 жылдың қыркүйегінде басталған. Кешен комфорт және бизнес санаттағы 4 кезектен тұрады.

Тұрғын үй кешеннің негізгі ерекшеліктері туралы жоба жетекшісі Тимур Беисов айтып берді. 4YOU ыңғайлы инфрақұрылымы бар мегаполистің қарқынды дамып келе жатқан ауданында орналасқан. Бір жағынан ол қаланың экологиялық таза, жоғарғы бөлігіндегі тыныш орын болса, екінші жағынан бұл жерден қала орталығына Әл-Фараби бойымен небәрі 20 минутта жетуге болады.

Тартылыстың негізгі объектілеріне: Magnum Cash & Carry, Mega Center Almaty, Тұңғыш Президент атындағы саябақ, Үлкен Алматы өзенінің жағалауы, сондай-ақ көптеген мейрамханалар, дүкендер, ауруханалар және тағы да басқаны жатқызуға болады. Мысалы, жақында Радостовец көшесінің бойында жаяу серуендеуге және велосипед тебуге ыңғайлы саяжол салынады.

Коммерциялық үй-жайлар әртүрлі бизнес түрлеріне жарамды. Кеңселер мен дүкендер көшеден анық көрінетін витраждармен әйнектелген. Төрт метрлік төбелер жарықтандыру, ауа айналымы және дизайн мүмкіндіктері бойынша артықшылықтар береді.

Жеке қолжетімділік жүйесінің арқасында кешен аумағына тек тұрғындар ғана кіре алады. Қауіпсіздікті тәулік бойы бейнебақылау қамтамасыз етеді. Авторлық ландшафтық дизайн аулаларда ерекше жайлылық тудырады. Мұнда спорт алаңдары, демалыс аймақтары, арбаларға арналған жолдар және үлкен жасыл алаң бар.

Сондай-ақ тұрғын үй кешінінде Connected Home жүйесі қарастырылған. Әрбір пәтер кілтсіз кіруге мүмкіндік беретін ақылды құлыппен жабдықталған. Кешен тұрғындары өз қалауымен қозғалыс, су ағу, өрт дабылы және т. б. датчиктерді қамтитын Connected Home қосымша опцияларын орната алады. Сонымен қатар, енгізілген технологиялар бөлмелердегі қолайлы температура мен ылғалдылық деңгейін орнатуға, сондай-ақ сүйікті музыкаңызды баптауға мүмкіндік береді.

Барлығы 400 тұрғын жаңа пәтер кілттеріне ие болды, олардың арасында танымал қазақстандық блогер Азиза Айбадуллина бар.

«Бізге пәтер кілті табысталды! Bigapp қосымшасында құжаттарға тез қол қойып, кілттерді алуға бардық...! ...Міне, салтанатты табыстау рәсімі ... мен бұл күннің туатынын білдім, бірақ оған әлі де сене алмаймын», – деді Азиза өзінің Instagram-дағы парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісіп.

Жаңа қоныс иелерін кешеннің тапсырылуымен құттықтаймыз! 4YOU ТҮК – бұл сенімді салыным мен тұрғын үйдің жоғары деңгейі!

Толығырақ ақпаратты компанияның сату бөлімдерінен немесе 360 қысқа нөмірі бойынша алуға болады. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар