21 ОКТЯБРЯ / 20 BI Infra Construction
Лисаковск қаласында бірегей футбол матчы өтті
На казахском

Жаңа алаңда қала әкімдігі, Валерьяновка орта мектебінің командасы мен Казахдорстрой жол дивизионының қызметкерлері сынға түсті.

Республикалық маңызы бар А22 автомобиль жолы елу жыл бұрын пайдалануға берілген.

Жарты ғасыр ішінде жол төсемі сын көтермейтіндей жағдайға жеткен. Сондықтан жергілікті халық көптен күткен жөндеу жұмыстарын жүргізуді BI Group холдингінің қызметкерлері қолға алған болатын. " Қарабұтақ - Комсомольское - Денисовка - Рудный – Қостанай "389 - 515, 427 - 457+903 км учаскесін реконструкциялау 2019 жылдың мамыр айында басталған.

–Жолдың ұзындығы - 30,78 км. Жоба Лисаковскіге кіреберістегі көлік айрығы бар жаңа жол өтпесін салуды, негізгі жолдың 20 темірбетон су өткізгіш құбыры мен съездердегі бес құбырды монтаждауды қамтиды. Сондай-ақ демалыс алаңы мен көлік құралдарына арналған тұрақ пен төрт аялдама кешені көзделген, - дейді жоба жетекшісі Мейрам Жұмабеков.

Қалыптасқан дәстүр бойынша құрылыс компаниясы әлеуметтік жауапкершілік танытып, Валерьяновка орта мектебі үшін футбол алаңын салып, өңірдің дамуына қосымша үлес қосты. Енді жаңа алаң балалардың бос уақыты мен спорттық іс-шаралар өткізетін орынға айналары сөзсіз.

Қазанның 16 күні алаңның ресми ашылуы өтіп, онда алғашқы жолдастық матч өткізілді. Алаңдағы алғашқы жеңісті  5:3 есебімен жол құрылысшылары қанжығасына байлады.

Алайда құрылыстың арқасында жаңа алаңға ие болған балалар мен жақында жаңа жолмен жүретін облыс тұрғындарының да өз жеңісі бар.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар