23 НОЯБРЯ / 17 BI Development
«Мамандыққа ие бол». Жұмыс үшін тәжірибе, ал тәжірибе үшін жұмыс керек.
На казахском

BI Group алғаш рет «Мамандыққа ие бол» атты әлеуметтік жобасын өткізуде. Мақсаты  – құрылысшы мамандардың бейімділігін арттырып, жұмысшы мамандығына қоғам назарын аудару.

Айта кетейік, жобаға 150-ден астам өтінімнің арасынан еліміздің әр түрлі аймағынан 10 жас қатысушы іріктелген болатын.

Мақсаттары - құрылыс саласын жетік меңгеру арқылы білікті маман атану және біздің компаниямызға қызметке орналасу.

Қазір олар Orynbor Towers объектісінде құрылысшылармен тәжірибе алмасуда. Әр ай сайын 5 қабаты тұрғызылатын бұл заманауи тұрғын үй кешеннің тәлімгерлерге берер тәжірибесі мол. Ең бастысы – ынта керек! Ал бұл объектінің құрылыс алаңында оларға біздің үздік мамандар жетекшілік етеді, солардың бірі – прораб маман Данияр Абдрахманов.

Ол бізге, шәкірттерінің әрлеумен (отделка), сондай-ақ гипсокартон, есік тұтқаларын, плинтус орнату, терезе бойынша жұмыстарды жасап үйренгенін айтты.

Олай болса, алдағы жаңалықтар бұл жобаға қатысушылар жайында болмақ. Жаңалықтарды жіберіп алмаңыздар!


Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар