12 МАЯ / 18 BI Development
Марафонға санаулы күндер қалды
фывфыв

Бұл жайында BI Group холдингі директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаев баспасөз мәслихатында хабарлады. Оның айтуы бойынша, қазірдің өзінде 5600 адам марафонға тіркеліп қойған. Олардың арасында әлемнің 19 елінен қатысатын желаяқтар да бар. Тіркелу 20-мамырға дейін ашық. 

2 жылдың ішінде корпоративтік деңгейден халықаралық дәрежедегі іс-шараға айналған BI Marathon салауатты өмір салтын қалыптастырып қана қоймай, қайырымдылық мақсатын да орындайды.

Тіркелуден түскен барлық қаражат 2004 жылдан бастап ерекше қажеттіліктері бар балаларға медициналық көмек көрсететін «BI Жұлдызай» қорына жіберіледі.

BI Жұлдызай корпоративтік қоры директорының орынбасары Алтынай Тәңірбергенова өткен жылғы марафоннан түскен қаражатқа, балалардың есту және бас ми мүшелерінің жұмысын жақсартуға арналған медициналық жабдықтарға жұмсалғанын айтты. Сондай-ақ ол 4-13 жас аралығындағы сал ауруына шалдыққан 50-ден астам бала өздігінен жүре бастағанын да айтып өтті.

"Марафонға қатыса отырып, сіз, салауатты өмірге қадам басасыз, ал сіз қолдау көрсеткен сәбилер алғашқы қадамдарын жасайды. Бұл біз үшін үлкен міндет, сіздерді бұл шараға қатысуға шақырамын", - дейді қор Алтынай Тәңірбергенова.

Ұйымдастырушылар, бұл жылы марафонның бас төрешісі Афиныдағы жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дмитрий Карпов болатынын атап өтті. Ал оның көмекшісі танымал ультрамарфоншы, Гиннестің рекордтар кітабына 7 мәрте енген жерлесіміз Марат Жыланбаев болады. BI Мараонды 100% қайырымдылық марафоны деп баға берген ол, қайырымды істерге үндейтін компаниялардың бар екеніне қуанатынын айтты.

Сонымен қатар, төрешілер марафон кезінде Астанада жол қозғалысын тоқтатпайтынын ескертті. "Марафон жексенбі күні өтеді. Негізгі трасса өзен жағалауы бойымен өтеді. Тек Сарайшық көшесіндегі «Марал» көпірінің жарты жолағы ғана қолданылады"

Марафон дәстүрлі 4 қашықтықта өтеді: 5, 10, 21 және 42,2 шақырым. Жүгірушілердің қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін қажетті шаралар іске асырылады: тейп, денені ширату, ал трассаның әр оныншы шақырымы сумен, жемістермен және толық марафонды жүгірушілер үшін изотониктармен жабдықталған пунктер болады. Сонымен қатар әр 10 км сайын дәрігерлер мен жедел жәрдем кезекшілікте болады. Көрермендер мен жанкүйерлер үшін кейтеринг пен отандық әртістердің қатысуымен мәдени бағдарлама жоспарланған. Марафонға дейін бірнеше күн бұрын Астана Триатлон саябағында спорттық жәрмеңке өтеді. Онда қатысушылар өздерінің сөрелік нөмірін алып, спорттық тауарлар сатып ала алады. Марафон ұйымдастырушылар комитеті шараның Қазақстан спорт әлемінде жарқын оқиғаға айналып, кең ауқымға қайырымдылық борышы мен салауатты өмір салты құндылығына деген қызығушылығын арттыру мақсатында бар күш-жігерін салуда. Олай болса марафонда кездескенше!


Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар