20 МАРТА / 20
BI Group пен Murad Buildings бірлесіп Ташкентте NRG құрылыс компаниясын құрды
На казахском

Орталық Азиядағы жетекші құрылыс ұйымдарының қатарына кіретін Murad Buildings (Өзбекстан) және BI Group (Қазақстан) компаниялары тепе-тең негізде NRG компаниясының (орталық кеңсесі Ташкентте орналасқан) негізін қалады.

Бірлескен кәсіпорынның алғашқы инвестициялық жобасы Ташкенттің Мирабад ауданында орналасқан NRG Oybek тұрғын үй кешенінің құрылысы болмақ: серіктестер жобаға 33 млн. АҚШ долларын (12,3 млрд. теңгеге немесе 312,3 млрд. сомға тең) инвестициялап, 2021 жылғы тамызда 60 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй құрылысын тапсыруды жоспарлап отыр.

Серіктестер менеджменттің алдыңғы қатарлы озық әдістерін, құрылыс материалдары мен тәсілдерін, соның ішінде жобаларды әзірлеу мен жоспарлауға, деректерді өңдеп, тұрғын үйді басқару үшін цифрлық шешімдерді қолдануға, «ақылды үй» технологиясын енгізуге баса назар аударуды жоспарлап отыр. Мысалы, шлагбаумдар мен кіреберіс есіктерді, қауіпсіздік жүйесін ашу, ресурстардың шығынын оңтайландыру – осының бәрін тұрғындар ұялы телефондағы қосымшалар арқылы қашықтан бақылай алатын болады. 

«NRG - пікірлестер одағы дегенді білдіреді. Murad Buildings пен BI Group-тың халыққа жайлы үй салып, оларға жақсы қызмет көрсету сияқты ұқсас ұраны біздің өз міндетімізді бірдей деңгейде жүктегенімізді көрсетеді. Біздің қазақстандық серіктесіміз Өзбекстан нарығына құрылыс саласын инновациялық тәсілдермен дамытатындығымен, тұрғын үй салу саласы мен инвестициялауды цифрландырудағы мол тәжірибесімен кіреді, оның маңызы туралы Өзбекстан Президенті биылғы Олий Мәжілісінде жолдаған Жолдауында атап өтті. Компанияларымыздың бірлесіп атқаратын жұмысы тапсырылатын тұрғын үй көлемін ұлғайтуға, сапаны көтеруге және түпкі тұтынушы үшін бағаны төмендетуге көмектеседі деп үміттенеміз», - деп атап өтті Murad Buildings компаниясының негізін қалаушы әрі басшысы Мурад Назаров. 

«Мен BI Group пен Murad Buildings серіктестігі аясында, шынымен де, бірегей, серпінді жобаларды жүзеге асыратынымызға сенімдімін. Біздің құзыретіміз, құрылыс саласындағы сараптама мен жинақтаған тәжірибеміз бірлескен компаниямыздың табысы үшін тамаша негіз болып табылады.  BI Group жоғары корпоративтік стандарттар мен озық технологиялық шешімдерді, ал Murad Buildings –  Өзбекстан нарығын жете білуді, жолға қойылған іскерлік қатынастарды, сенімді жеткізушілер мен жолға қойылған бизнес-үдерістердің кең ауқымын түсінуді ұсынады. Біз жай ғана үй салумен шектелмейміз, біздің мақсатымыз тұрғындардың өмір сүру сапасын жаңа деңгейге көтеретін, жақсы ойластырылған экожүйе құруды қамтиды», – деді BI Group Директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев.
NRG компаниясы Ташкент жобасын іске асырғаннан кейін Өзбекстанда жаңа инвестициялық жобаларға кірісуді, соның ішінде өңірлерде салынатын құрылыс нысандарын бастауды жоспарлап отыр.


Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар