31 ОКТЯБРЯ / 19 BI Development
Nova City 15: тұрғындарға пәтер кілті табысталды
фывфыв

Nova City 15: тұрғындарға пәтер кілті табысталды

Nova City тұрғын үй кешенінің 15-ші кезегінің құрылысы аяқталып, 467 адам жаңа пәтерге ие болды, оның арасында жас отбасылар да бар. Бір күнде 467 пәтердің тапсырылуы компаниямыз үшін үлкен оқиға деп айтуға болады. Бұл үйде жақсы тұрмыс пен демалыс үшін барлығы қарастырылған: тиімді орналасуы, ыңғайлы пәтерлер, үйдің тартымды сәулеті, спорт және ойын алаңдары, паркинг.
Жоба жетекшісі Шоқан Ибраев:
«15-ші кезек – 7 блоктан тұрады, оның төртеуі тоғыз қабатты. Төрт блок панельден салынды, ал қалғандары монолитті құрастырылым. Айта кетейін, темір-бетон панельдер алғаш рет біздің зауытта жасалды. Бұл материал жоғары сапасымен ерекшеленеді, яғни шу-дыбыс өткізбейді әрі жылуды сақтап тұрады».
«Үйді тапсыру рәсімі белсенді өтті. Жаңа пәтер иелерінің қуаныштарында шек жоқ, бізге жылы лебіздерін де білдірді. Біз бұл үйде, тұрғындарымыздың жайлылығы үшін барлығын жасауға тырыстық», – деді Бақыт менеджері Бауыржан.
Қазіргі уақытта кешеннің 16-шы кезегі салынуда, ол келесі жылдың мамыр айында тапсырылады деп жоспарлануда.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар