15 МАРТА / 19 BI Construction & Engineering
Түркістанның өз Медиа орталығы болады
фывфыв

Түркістанның өз Медиа орталығы болады
Түркістан қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин жаңа Медиа-орталықтың құрылысымен танысты. Ғимаратты BI Group холдингінің BI Construction & Engineering құрылымдық бөлімшесі салуда.
«Болашақ төрт қабатты орталықтың аумағы - 3800 м2. Құрылыс аяқталғаннан кейін мұнда облыстық телеарна мен үш жергілікті газеттің редакциялары орналасады. Есептеуіміз бойынша ғимаратта 500-ге жуық адам еркін жұмыс істей алады», − деді жоба жетекшісі Қуат Қожағұлов.
Түркістан Медиа орталығы Астаналық «Қазмедиа орталығы» теле-радио кешенінен кейінгі жаңадан салынған екінші орталық болмақ.
«Түркістанды барлық қалалар мен облыс орталықтарына тән даму үрдісіне ауданға арналған жаңа позитивті үдерістердің толыққанды ақпараттық қолдауынсыз енгізу мүмкін емес. Осы бағытта жаңа медиа орталық қаланың жаршысы болып, оған еліміздің ақпараттық кеңістігінде өзін лайықты дәрежеде таныстыруына көмектесу керек», - деп атап өтті BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахимбаев.
BI Construction & Engineering ғимарат құрылысын осы жылдың желтоқсанында аяқтауды жоспарлап отыр.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар