10 ДЕКАБРЯ / 20 BI Development
Көне Түркістанның жаңа келбеті: BI Group Гиннестің рекордтар кітабына лайықты нысандар салды
На казахском

Қазақстанның рухани астанасы қарқынды дамып, көркеюде.


Облыс орталығының маңызды: облыс әкімдігі, аумақтық органдар мен қазынашылық ғимараты, медиа-орталық, Hampton by Hilton Turkistan қонақ үйі және қаланың сәулет жауһарына айналған басқа да нысандарын BI Group холдингі тұрғызды.Барлық ғимараттар ұлттық, заманауи технологияларды және оңтүстік аймақтың климаттық ерекшеліктерін біріктіреді.

 

Облыс әкімі аппараты ғимаратының ерекшеліктерінің бірі – фиборобетоннан жасалған сәндік панельдермен үйлескен HPL-панельдерден жасалған сыртқы қаптау жүйесі болып табылады. Бұл элементтер сәндік функцияны орындап қана қоймай, күн сәулесінен түсетін көлеңке әсерін тудырады.

 

Қосымша микроклиматты көгалдандыру, ландшафтық дизайн және субұрқақ кешені жасайды.
          

Конференц залдар "ақылды" сору-сыртқа тарату жүйелерімен жабдықталған (жүйелер "қатысу датчиктерінің"көмегімен адамдардың санына байланысты таза ауа шығынын автоматты түрде реттейді).

 

Электр энергиясын үнемдеудің тағы бір құралы — күн батареяларында жарықдиодты көше шамдарын пайдалану болып табылады.

 

Пандемияға қарамастан, Қазақстанның рухани астанасына жақын және алыс шетелден келетін туристер саны күн санап өсуде. Қонақтарды Hampton by Hilton Turkistan құшақ жая қарсы алады. Бұл Hilton халықаралық стандарттарына сәйкес салынған қаладағы алғашқы қонақ үй. Оның сәулеті мен дизайны аймақтың ерекшелігін, елдің тарихы мен мәдениетін жақсы көрсетеді.Қонақ үйде 120 бөлме, 360 адамға арналған банкет залы, жазғы террассалар мен коммерциялық бөлмелер бар.

 

Жаңа көрнекі орындар арасында "Ұлы Дала Елі" ұлттық брендінің танымалдылығын арттыруға бағытталған "Ұлы дала елі" орталығын атап өтуге болады. Бұл жердегі "Бәйтерек ағашы" арт-объектісінің тармақталған тамыры түріндегі ониксқа ұқсайтын керамогранит инкрустациясы бар, қара мәрмәр керамогранитті едендер қызықты дизайнерлік шешім болып табылады. Қабырғалардағы бедерлі суреттер жартасқа салынғандай әсер береді.

 

Елбасы залында орнатылған, Қазақстан картасының үстіндегі ұзындығы 12 м болатын шыны көпір ерекше назар аударуға тұрарлық дүние. Орталықтың жүрегі түркі залы болмақ. Онда келуші өзін тарихи сюжеттердің кейіпкері ретінде сезінуі үшін 3Д форматында биіктігі 14 метр және радиусы 11 метрге дейін жететін проекциялық шар орнатылған.

 

"Нұр-Сұлтан" алаңы – ашық қоғамдық кеңістіктерді құрудың заманауи стилінің үлгісі. Нысан мақтанышы – ауданы 3500 м2 болатын субұрқақ кешені. Бұл бірегей: гейзерлер ойыны, су айнасы, тұман, жұлдызды аспан сынды су хореографиясы бар әлемдегі ең үлкен жаяу жүргіншілерге арналған субұрқақ.

 

Ал 510 көрерменге арналған жаңа драма театр өнер тұнған мәдени орда. Театр ұжым жұмысы үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған. Мұнда тіпті шомылатын бөлме де бар. Театр өзінің ерекшелігімен, көркемділігімен қазақ даласының ұлы тарихының рухын жеткізеді. Ол көзбен оңай қабылданып, есте қалады. Сондықтан ол елдегі ең танымал театрлардың біріне айналуы мүмкін.

 

7000 орындық жаңа стадион IAAF регламентіне сәйкес халықаралық турнирлер мен жеңіл атлетика бойынша жаттығу сабақтарын өткізу құқығына ие болды. Сонымен қатар, мұнда басқа да спорт түрлеріне: күрес, акробатика, гимнастика, бокс, ауыр атлетика арналған дайындық бөлмелері бар. Стадион көпфункционалды, заманауи мультимедиялық жүйемен жабдықталған.

 

Жаңа медиа-орталық БАҚ өкілдері мен блогерлердің үлкен қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Төрт қабатты кешен соңғы технологиямен жабдықталған. Мұнда 256 адам ыңғайлы жұмыс істей алады. Алғашқы екі қабатта болашақта ашылатын Turkestan телеарнасы отыратын болады.

Мұнда үш телевизиялық студия, виртуалды графика студиясы, эфирлік аппарат, үш аппараттық-студиялық блок, төрт монтаждау станциясы орналасқан. Сонымен қатар, радио студия да бар. Үшінші және төртінші қабатта газет редакциялары мен интернет-басылымдар орналасады. Медиа-орталық базасында өңірлік ОКҚ (Орталық коммуникациялар қызметі) жұмыс істейтін болады. Осы мақсатта сыйымдылығы 30 адам болатын баспасөз залы ұйымдастырылған.

 

Жоспар бойынша жаңа Turkestan телеарнасы 2021 жылдың 22 наурызында хабар таратуды бастайды. Жаңа БАҚ мазмұнында тапшылық болмайды. Жаңа облыс орталығы дамудың қарқынын сезінуде және іс жүзінде қайта жаңғыруда. Біз BI Group компаниясының ежелгі Түркістанның жаңа келбетін қалыптастыруға өз үлесін қосып жатқандығын мақтан тұтамыз.




Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар