01 АПРЕЛЯ / 20 BI Development
Енді пәтерді онлайн сатып алуға болады
фывфыв

Енді пәтерді онлайн сатып алуға болады

    Қазақстан екі аптадан бері карантинде, осыған орай қатаң шектеу шаралары қойылды. «Жабық» қалалардың тұрғындары бірден болмаса да, «қашықтан» режимінде жұмыс істеу, маскалар мен басқа да қорғаныс құралдарын киіп жүру, қолды мұқият жуу, үйді зарарсыздандыру, еш себепсіз далаға шықпау сияқты жаңа ережелерді ұстануды үйренуде. Тек қажет болған жағдайда ғана дүкенге немесе дәріханаға шығып отыр. Ал дағдарыс пен девальвация сізді капиталсыз қалдырмауы үшін құрылыс компанияларының сату бөлімдеріне кірмей-ақ, жылжымайтын мүлікке ақшаңызды инвестициялағыңыз келсе, не істеу керек?  

Өмірде болып жатқан жаңалықтар жаңа ережелердің орнығуын талап етеді. Енді сіз пәтерді үйден шықпай-ақ сатып ала аласыз. BI Group холдингі онлайн-кеңес беру қызметін енгізді. Денсаулығыңызға қауіп төндірмей, тұрғын үй кешендері туралы барлық қажетті ақпаратты алуға тамаша мүмкіндік жасап отыр. Менеджерлер клиенттерге арнап нақты уақытта таныстырылым өткізіп, олардың қызығушылық танытқан нысандарымен таныстырады әрі сатып алу шарттары туралы егжей-тегжейлі баяндап береді. Сайттан: пәтер туралы, қалаған шаршы метріңіз жайлы, тұрғын үй кешенінің артықшылықтары мен олардың орналасқан жері сияқты барлық негізгі мәліметті біле аласыз.

«Біз трендтерден қалыс қалмауға және нарықтың жаңа талаптарына барынша бейімделуге тырысамыз. Біз үшін BI Group клиенттерінің ештеңеге қарамастан, кез келген уақытта армандарын жүзеге асырып, өздерінің жайлы бұрышын сатып алуы маңызды. Ең бастысы, сатып алушылар мен олардың туыстарының қауіпсіздікте болғаны керек. Жақын күндері әлемдегі жағдай түзеле бастайды деп үміттенеміз.  Сол кезде біз жұмысымызды қуана-қуана бұрынғы режимде жалғастыратын боламыз. Әзірге сізді үйіңізде қалып, жаңа технологияларды пайдалануға шақырамыз. Ол үшін сізге сату департаментінің мамандары онлайн сатып алуды таңдауға және ресімдеуге көмектесетін болады», – дейді Сату жөніндегі басқарушы директор Әсел Қажымұратова. 

Сонымен қатар, компания жаңа функция жасап шығарды, оның көмегімен кепілдік жарна бойынша келісімшартқа қашықтықтан қол қойып, комиссясыз төлем жасауға болады. Қазір Холдингтің IT мамандары үлестік қатысу шартын электрондық форматта жасау мүмкіндігін қарастыруда. Айта кетейік, BI Group құрылыс объектілерінде қауіпсіздік шаралары сақталған, құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүруде. Тұрғын үй кешендері жоспарланған мерзімінде тапсырылады. 

Сатылымдағы тұрғын үйлерге келетін болсақ, компанияда таңдау өте үлкен. Бұл премиум класты Esil Riverside, талғампаз Grand Opera, заманауи «Ботанический», жайлы Crocus City, байсалды Freedom немесе қаладан тысқары орналасқан Vela Village коттедж қалашығы болуы мүмкін. Толығырақ 360 нөміріне қоңырау шалып білуге болады, операторлар күн сайын сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін, демалыссыз жұмыс жасайды. Сонымен қатар Сату орталықтарының менеджерлерімен онлайн түрде кездесуге сайт, арқылы тіркелуге болады. 



Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар