03 АПРЕЛЯ / 18 BI Development
Ойлануға уақыт жоқ..
На казахском

Өткен сенбіде Hilton Astana-да психология бойынша бірнеше ғылыми жұмыстардың авторы Андрей Курпатовтың тренингті өтті. Андрей Владимирович әсіресе, заманауи технологиялардың, дәлірек айтқанда әлеуметтік желілер, мессенджерлердің біздің қоғамға қаншалықты ықпал етіп жатқанын қозғады.

Аз уақыттың ішінде, қыруар жұмыстарды атқаратын интернет желісі – бүкіләлемдік ақпараттық коммуникативті байланыс құралына айналды. Жұмыста болсын, күнделікті өмірде болсын тез хабарласу, хат жазысу аясында қолданып жүрген Telegram, WhatsApp, Instagram әлеуметтік желілері әр адамның ажырамас құралына айналды. Тіпті онсыз жұмыс жасау қиындау болып барады.

Жалпы ғаламторға тәуелділік деген не? Оны қалай білеміз?

Мәселен, 2015 жылдың өзінде интернет пайдаланушылардың 82%-ы уақыттарының көбін интернетте өткізетіндерін сезінген. Тіпті олардың 30%-ы тәулігіне 5 сағат интернетте өткізетін болған.

34%-ы жеке Facebook парақшаларын тексеру үшін, түнде оянған.

21% адам ұйықтамас бұрын өз смартфондары арқылы facebook-ке кірген.

Тіпті, 27% интернет пайдаланушы дәретханада Фейсбукке кірген.

Бұл 2015 жылдың көрсеткіші, ал қазір қандай, бұл көрсеткіш көтерілмесе түспесі анық.

Әрине, мұндай жаңа технологиялардың қоғамға әкелер пайдасымен бірге, жаман тұстары болатынын ескерген жөн. Ол адамдардың интеллектуалды ойлау жүйесіне кері әсерін тигізуде. Адамдар жаңа технологияларға тәуелді болып қалды. Былайша айтқанда, технология біз үшін жұмыс жасауда, біз үшін ойлауда. Біз білетін бар ақпарат та қалтамыздағы смартфонда, GPS-навигаторларда, Google, Яндекс іздеу жүйелерінде сақтаулы.

Ал енді жұмыстағы міндеттерге келер болсақ. 2010 жылы офис қызметкері орта есеппен әрбір 7 минут сайын жаңа жұмыстарға кірісу тиіс болатын. Ал жаңа жұмысқа адам миының толыққанды кірісуі үшін 23 минут керек. Және бұл жерде әр 3 минут сайын оған жаңа пошта хаттары келіп отырған. Яғни, ойлану үшін уақыт жоқ. Бар уақыт жұмыстың өзіне емес, оның ұйымдастырылуына кетеді.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар