22 СЕНТЯБРЯ / 21 BI Development
Нұр-Сұлтанда өз бақшасы бар үй пайда болды
фывфыв

BI Group Холдингінің Panorama Park-3 тұрғын үй кешені елордадағы өзінің жеке бақшасы бар алғашқы үй болды.

Мамыр айында нысан менеджері Гүлнара тұрғындарды көшет егу жұмыстарына шақырды.  Амантай Рахымбайұлы мен Назымгүл Жалғасқызының отбасы бақшадағы күтім жасау жұмыстарында белсенділердің бірі болды.

 - Көшеттерді суару үшін мен күн сайын таңғы 5-те тұрдым, екінші суару жұмыстарын кешкі 22-ден кейін жасадым. Содан кейін арамшөптерді жұлып, топырақты қопсыттым. Ешқандай тыңайтқыш қолданылмады, нәтижесінде экологиялық таза өнім өсіп шықты, - дейді отағасы.

Егін мол болды. Аскөк пен пияз бірнеше рет жиналды.  Қазір бұрыш пен қызылшаға кезек келді, келесі кезекте қызанақ пен сәбіз тұр.

Бұл бастаманың арқасында тұрғындар көкөністердің ғана емес, сонымен қатар тәлім-тәрбиелік жұмыстардың де қаншалықты маңызды екенін түсінді. Қала балалары азық-түліктің қалай өндірілетінін және қандай жұмыс қажет екенін көрді.

Осындай тұрғындардың арқасында аула Нұр-Сұлтан қаласындағы ең әдемі аулалардың біріне айналады!

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар