01 ФЕВРАЛЯ / 18 BI Development
«Парк Авеню 3-2» тұсаукесері мамыр айына ауыстырылды
фывфыв

Кешен тұсаукесерін осы жылдың мамыр айында өткізуді шешті. Жаңа пәтер иелері бұл ұсынысты қолдады. Даланың нағыз жылитын кезі, мұндай атаулы іс-шараны паркингтен гөрі, далада өткізгенді жөн көрді болашақ тұрғындар, оның үстіне бұл уақытта үйдің келесі 3-3 кезегі тапсырылады. Олай болса, бұл екі үйдің болашақ тұрғындары үшін ортақ мереке болмақ.
174 пәтерлі бизнес-санатты тұрғын үй кешен Ботаникалық саябақтың жанында орналасқан. Әдемі салтанатты баспалдақ, ағаштардың көптігі, кіреберістердегі мрамор үйді басқа үйлерден ерекше етеді. Әсіресе, қауіпсіздікке көп көңіл бөлінген, кешеннің ең маңызды учаскелеріне бейнебақылау камералары орнатылған, тіпті кіру есіктерінде бейнедомофондар тұр.

- Кешеннің құрылысын 2016 жылдың тамыз айында бастадық, ақпан айында тапсыруды жоспарладық, бірақ мерзімінен бір ай бұрын тапсырдық. Шаршы метрі үшін бағасы – 320 мың теңге. Үйдегі пәтерлердің барлығы сатылып кеткені тек бағасы емес, оның орналасқан жері, үйдің өзі де әсер етсе керек., дейді жоба жетекшісі Данайхан Айтказин.

Шапағат:
- Бұл үйді таңдауымның себебі, оның орналасқан жері ұнады, өте перспективалы аудан. Біз осымен екінші рет сіздерге клиент болып отырмыз. Бұған дейін «Сарматта» тұрдық, өте жақсы үй. Тағы бір пәтер алуды шештік. Осы уақыт аралығында компанияның көш ілгері дамып жатқанын көреміз. Жарайсыздар!

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар