20 СЕНТЯБРЯ / 19 BI Development
Бурабайдағы пәтеріңізден қалай уайымсыз тұрақты табыс табуға болады?
фывфыв

Бурабайдағы пәтеріңізден қалай уайымсыз тұрақты табыс табуға болады?

Бурабайда Promenade Burabay тұрғын үй кешені 1-ші кезегінің құрылысы аяқталды. BI Group құрылысшылары бір жыл ішінде Бурабай көлінің жанындағы 1866 шаршы метр аумақты заманауи коттедж қалашығына айналдырды. Мұнда жақсы тұрмыс пен демалыс үшін қажеттінің бәрі бар.
1-ші кезек бұл – дайын 42 апартамент, 3 және 4 қожайынға арналған 2 таунхаус және кафе мен дүкендер үшін 6 коммерциялық орын. Кілт тапсырылмас бұрын пәтерлер әлдеқашан сатылып кеткен. Оның бір себебі – бастапқы бағасы 8 миллион теңгеден басталды. Екінші себебі – Бурабай көлінен 500 метр қашықтықта орналасуы, сондай-ақ орталық жылыту жүйесіне қосылуы.
«Бұл туристер үшін тартымды жерге айналмақ. Promenade Burabay аймағына - коттедж қалашығы, ұзындығы 700 м серуендеу аллеясы, іс-шараларға арналған залы мен көрме алаңдары бар конгресс-орталық кіреді. Өткен жылы мұнда сәулеті ерекше мешіт ашылды. Жобаның жалпы аумағы 14 800 шаршы метр», - деді Promenade Burabay жобасының жетекшісі Ерлан Сағындық.
Айта кету керек, құрылыс кезінде жоба командасы құрылыс алаңында өсіп тұрған ағаштарды барынша сақтап қалуға тырысты, оған қоса жақын арада тағы қарағай, қайың көшеттері отырғызылатын болады. Promenade Burabay екінші кезегінің құрылысын аяқтау алдағы жылдың ақпан айында жоспарланып отыр.
Компания клиенттерге жаңа инвестициялық бағдарлама ұсынды. Яғни, апартамент иесі Басқарушы компаниямен шарт жасасып, жалға бере алады. Оған жалға алушыларды іздеудің, бөлмелерді күтіп ұстаудың қажеті жоқ. Бүгінгі күні осының барлығын Басқарушы компания өз мойнына алады.
Бурабайға демалуға барғанда отбасылық демалыс үшін жайлы үй табу оңай емес. BI Group бірінші рет өз клиенттеріне Promenade Burabay кешенінен апартаменттер немесе таунхаустар сатып алып, оны табыс көзіне айналдыруды ұсынып отыр, оған қоса еліміздің ең курортты өлкесінде демалатын жеке орныңыз болады.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар