15 ИЮНЯ / 20 BI Development
Promenade Burabay – тұрғын үйдің жаңа форматы
фывфыв

Қазақстан табиғатының інжу-маржаны – Бурабай көлінің "Бурабай" ұлттық табиғи паркінде орналасқан Promenade Burabay тұрғын үй кешенінің екінші кезегінің құрылысы аяқталды. Ол таза әрленген үш қабатты апартаменттен және екі блоктан тұрады – барлығы 71 пәтер.

Өткен жылы құрылысшылар көл аумағына көрік берген жобаның бірінші кезегін тапсырған болатын. Жалпы ауданы 5800 ш.м. тұрғын үй қоры бар кешен апартаменттер, таунхаустар және коммерциялық үй-жайларды қамтиды.

 Promenade Burabay тұрғындарға бірегей мүмкіндіктер береді: көл жағасына дейінгі бес минуттық серуен, инфрақұрылымы дамыған балалар алаңы  мен жайлы ландшафтық дизайн. Оған қоса, апартаменттер таза әрленген күйінде берілетіндіктен, оған кілтін қолға алғаннан кейін-ақ бірден қоныстануға болады. Кешеннің тағы бір артықшылығы – орталық жылыту және ұңғымалардан алынатын сумен қамтамасыз ету жүйесінің болуы. Өйткені, жылыту маусымы ұзақ мекен үшін бұл өте маңызды.

– Біз өткен жылдың ақпан айында Promenade Burabay-дың екінші кезегінің құрылысын бастап, белгіленген мерзімде аяқтадық. Бұл тек Бурабай үшін ғана емес, BI Group компаниясы үшін де жылжымайтын мүліктің жаңа форматы. Үш қабатты кешен 2 блоктан тұрады, пәтер төбелерінің биіктігі 2,7 м. Үйдің жарқын фасады ауыл сәулетін ерекшелендіреді. Біз латониттен жасалған аспалы желдетілетін фасадты пайдаландық. Адамдардың беріп жатқан оң бағасы қуантады. Бастысы, біздің апартаменттерде олар өздерін жайлы, бақытты сезінеді деп үміттенеміз, – дейді жоба жетекшісі Ерлан Сағындық. 

Promenade Burabay аумағында монументтік мешіт ғимараты орналасқан. Сыйымдылығы 150 адамды қамтитын үш қабатты ғимараттың жалпы ауданы 14800 ш.м.-ді құрайды.Таяу арада кешен аумағында фестивальдар мен түрлі мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін Бурабай көлінің жағасына дейінгі аллеясы бар конгресс-орталық пайда болады.

Жыл сайын қазақстандық Швейцария аталған Бурабай курортына миллионға жуық турист келеді. Жақын арада бұл аумақ ЮНЕСКО-ның жаһандық геосаябағы мәртебесіне ие болмақ. Осыған байланысты Қазақстан Үкіметі ауданның инфрақұрылымын белсенді дамытып, оны халықаралық дәрежедегі курортқа айналдырмақ.

Сатып алушылар болашаққа инвестиция болып табылатын жылжымайтын мүлікті сатып алып қана қоймай, қосымша табыс таба алады. Апартаменттерді тұрақты тұрғын үй ретінде пайдалануға немесе туристік маусымда жалға беруге болады. Компания Promenade Burabay-дың тағы бірнеше кезегін салуды жоспарлап отыр.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар