30 НОЯБРЯ / 17 BI Development
Қайырымды жандар қолдау көрсетті
фывфыв

«Лазурный Квартал» ТК-де болған өрт ешкімді бей-жай қалдырмады. Қайырымды жандар зардап шеккен отбасына киім-кешек, азық-түлік, кішкентай балаларға ойыншықтар әкеліп жатыр. Жөндеу жұмыстары біткенше көп балалы отбасына пәтер жалдап беруге бірден екі кәсіпкер көмек қолдарын созбақшы.

Сонымен бірге, көпбалалы отбасы жағдайы біздің компанияның да назарынан тыс қалмады. Олар аладағы уақытта жиналған қаржыны көп балалалы отбасы әкесінің жеке өзіне тапсырмақшы.  Қазіргі уақытта BI Group компаниясының бір ғана бөлімінің қызметкерлері 2 500 000 тенге қаржы жинаған.

Естеріңізге салсақ, кеше аталған тұрғын-үй кешенінде өрт болып, қуанышымызға орай ешкім зардап шекпеді. Өрт шалған пәтерде болған екі баланы өрт сөндірушілер және компания қызметкерлері аман алып қалды. Өрт басталған сәтте кешендегі барлық қауіпсіздік техникалары қалыпты жағдайда жасап тұрған. Бүгін BI Development басқармасының төрағасы Амангельды Омаров өрт кезінде ерлік көрсеткен Мұрат есімді екі қызметкерге сыйақы табыстады.


Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар