22 ОКТЯБРЯ / 20 BI Education
Білім беру нарығында халықаралық деңгейдегі мектептердің жаңа қазақстандық бренді пайда болды
На казахском

Білім беру нарығында Quantum STEM Schools мектептерінің жаңа қазақстандық бренді пайда болды. Отандық лейблі бар беделді оқу орындарының желісі елдегі оқушы орындарының жетіспеушілігі жағдайында салаға үлкен демеу болады. Алғашқы нысан ел астанасының сол жағалауында бой көтереді. Бүгін жоба инвесторлары, отандық кәсіпкерлер Берік Қаниев пен Айдын Рахимбаев болашақ ғимараттың қадасын қақты. Quantum STEM Schools – BI Group және Lancaster Group компанияларының бірлескен өнімі. Мұндай серіктестік кездейсоқ емес: екі бизнес те ауыл оқушыларына арналған IQanat бағдарламасы, республикалық физика-математика мектебі, Ана үйі мен "Жас Қыран" жасөспірімдер футбол лигасы сынды білім беру және қайырымдылық жобаларына белсенді атсалысады.

Ұзақ мерзімді одақ аясында серіктестер:

- еліміздің әр өңірінде қолжетімді бағамен сапалы білім алу мүмкіндігін ұсынады;

- жыл сайын аз қамтылған отбасылардан шыққан дарынды оқушыларға гранттар бөледі.

Алғашқы мектеп 1000 оқушыға арналған. Білім беру мекемесі Green Line экополисінің тұрғын кварталдары арасында, "Хан Шатыр" СОО артында орналасады.

"Қазақстанда 140-қа жуық жеке меншік мектеп жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында орналасқан, ал облыс орталықтарында мұндай мектептер мүлдем жоқ. Олардың ең үздіктерінде оқу құны жылына 3-10 млн теңгені құрайды. Халықтың басым бөлігі үшін бұл аз ақша емес. Сондықтан біз Сингапурдың білім беру саласының көшбасшыларымен әріптестік орната отырып, баға белгілеуге мүлде басқа көзқараспен, жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті өнім жасауды ұйғардық. Бүгінгі күні елдегі беделді оқу орындарының негізгі үлесі шетелдік білім беру жүйесіне тиесілі. Біз халықаралық деңгейдегі мектептердің 100% қазақстандық брендін құру арқылы білім беру саласында серпіліс жасауға ниеттіміз. Кемінде 17 мектеп салу жоспарда бар", - дейді BI Group Директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев.

Quantum STEM Schools мектептері желісінде үштілді оқыту қала ішіндегі мемлекетті PISA оқушыларының білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарламаның жаһандық рейтингтерінде бірінші позицияларға ұсына отырып, өзінің тиімділігін көрсеткен сингапурлық әдістеме бойынша өткізілетін болады. Брендтің атауына STEM - science, technology, engineering және mathematics аббревиатурасы енгізілген, бұл оқытудың негізгі бағытын білдіреді.

"Оқушылар стандартты мектеп бағдарламасынан басқа, жасанды интеллект, машиналық оқыту және big data аналитика элементтерін оқуы маңызды деп санаймыз. Алынған білімнің іс жүзінде қолданылуы айрықша мәнге ие. Бұл сыни ойлау мен эмоционалды зияткерлікті дамытуға көмектеседі. Балалармен жұмыс істеуге оқытушылар құрамы ғана емес, бизнес өкілдері де тартылатын болады. Құрылатын орта біздің балаларымыз үшін оларды барынша ынталандыратын орта болуы тиіс. Бізде мектептерді дамыту мен трансформациялауға қажетті тәжірибе бар", - деп атап өтті Lancaster Group Директорлар кеңесінің төрағасы Берік Қаниев.

Оқу орындарының басты ерекшелігі – Advanced Placement және International Baccalaureate халықаралық бағдарламалары. Advanced Placement оқушыларға әлемдік үздік мектептер мен университеттердің пәндерін ағылшын тілінде меңгеруге мүмкіндік береді. Бұл жетекші отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына түсу кезінде айтарлықтай артықшылықтар ұсынады. Quantum STEM Schools мұғалімдері арнайы тренингтер мен біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Бұдан басқа, мұнда кәсіби бағдар беру бойынша озық әлемдік практикалар, сондай-ақ спорттық, шығармашылық және музыкалық талантты ашу мен дамыту пәндері жинақталған. 

Мектептер озық технологиялармен және жабдықтармен жарақтандырылатын болады. Оқу сыныптарынан басқа, білім ордасында химия, физика және биология бойынша инновациялық зертханалар, рекреациялық аймақтар, шеберханалар, кітапхана, self-сервис, көшірме орталығы, музыка және робототехника кабинеттері, мультимедиялық сынып, оранжерея, фотостудия және павильон қарастырылған. Оқушылардың тәрбие жұмысына ерекше көңіл бөлінеді.

Жобаны іске асыру кезінде қарыз алу үшін "Даму "кәсіпкерлікті дамыту қоры"АҚ кепілдіктерін тарту жоспарлануда. Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау "Қарапайым заттар экономикасы" жеңілдікті кредит беру бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатын болады.

Ғимараттарда карантиндік режимді сақтау үшін COVID-ке қарсы жүйе орнатылады.

Елордалық Quantum STEM мектебі өз есігін 2021 жылдың 1 қыркүйегінде ашуды жоспарлап отыр. Жақын арада әрбір облыс орталығында осындай білім беру мекемелерін салу көзделуде. 


Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар