04 МАЯ / 21 BI Development
Неліктен бөлме мен лоджияны біріктірудің қажеті жоқ?
фывфыв

Өткен сенбіде "Дом на Ботаническом" ТҮК-тің 9 қабатты блогының құрылыс алаңында бірінші Ашық есік күні өтті. Клиенттер жұмыс қарқынын, қолданылатын материалдардың сапасын бағалап, қайта жоспарлауға өтінім берді.

Пәтерлердің  орналасуын жоспарлау барынша мұқияттылықты қажет етеді. Әр отбасының қалауын болжау оңай емес. Кейбір клиенттер үлкен асүйді қалайды. Басқалары, керісінше, бұл тек тамақ дайындауға арналған орын деп санап, қонақ бөлмесінің аумағын ұлғайтуды жөн көреді. Алғашқы Ашық есік күні ішкі қабырғаларды тұрғызар алдында әр клиенттің қалауы бойынша "ішкі шекараны" өткізуге мүмкіндік береді. Басқа танымал өтінімдердің арасында бөлмені лоджиялармен біріктіру туралы өтініш бар. Бірақ жоба жетекшісінің орынбасары мұны дұрыс шешім деп санамайды:

- Біздің кешенде лоджиялардың суық сериясы қарастырылған. Қосымша оқшаулау жасау керек. Жылу жоғалуы, конденсация және зең пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар, болашақта пәтерді ипотека бойынша сатуға болмайды. Ол ТТБ арқылы өтпейді, қабырғаны қайта қалпына келтіруге тура келеді, - дейді Азамат Жұмаділдин.

Бизнес + 

Кешен "Бизнес +" санатына жатады. Бұл жоғары статус. Мысалы, мұнда бір бөлмелі пәтерлер жоқ, екі бөлмелі пәтерлер аз. Алаңдар өте үлкен. Мысалы, үш бөлмелі пәтер аумағы –  120 ш.м-ге дейін жетеді. Пәтераралық қабырғалар керамикалық кірпіштен орындалған. Қалыңдығы 25 мм минералды плита жоғарыдан естілетін дыбыстардан қорғайды. Лифтілердің машина бөлімдері қосымша жайлылықты қамтамасыз етеді. Мұнда оңтүстіккореялық Silver брендінің көтергіш құрылғылары орнатылады.

Мұнда екінші қабаттан жоғары баспалдақтарды әрлеу жұмыстары жүргізілмейді. BI Group әлемнің жетекші құрылысшыларының жолымен жүруге шешім қабылдады. Адамдар жүрмейтін жерді әрлеудің не қажеті бар? Қазір тіпті бірқатар тамақтану орындары мен фитнес-клубтар әрлеуден бас тартып, тек бетонды қалдыруда. Loft стильді және ұқыпты көрінеді.

Аудан бағаға әсер етеді

Дәстүр бойынша жағалаудағы және саябақтардың жанындағы үйлер жоғары бағаланады. Сондықтан, бірінші кезекте пәтерлердің 70% -ы сатылғаны таңқаларлық жайт емес. Үй маңында Ботаникалық бақпен қатар, №84 мектеп - лицей, Астана Балет театры, спорт және сауда нысандары бар. 

Талғат: 

- Желтоқсан айында бұл аумақ мүлдем бос болды. Ал бүгін кешеннің тоғызыншы қабат аяқталуда. Маған Ботаникалық баққа ашылатын көрініс пен біздің бірінші кезектегі фитнес-бөлме ұнады. 

Малика: 

- BI Group таңқалдырудан шаршамайды. Жыл сайын – жаңашылдық, тұрғындардың жайлылығын арттыратын стандарттар. Біздің бірінші пәтеріміз де аталмыш компанияның жобасы . Отбасымыз өсіп, тұрғын үйді кеңейтудің уақыты келді. Биіктігі 2,4 метр болатын терезелер таң қалдырды. Балаларға Еуропаның жетекші өндірушісінің шағын сәулет формалары ұнайды. 

Кешен және пәтерлердің сатылымы туралы толық ақпаратты біздің сату бөлімдерімізден немесе 360 нөмірі бойынша біле аласыз. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.


Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар