23 ОКТЯБРЯ / 20 BI Development
«Нұржол» желекжолында шолу алаңы пайда болды
фывфыв

23 қазанда мегаполистің ең әдемі тұрғын үй кешендерінің бірі – Ray Residence-тің екінші кезегі пайдалануға берілді.

Жаңа үй сол жағалаудың дәл ортасында, "Астана-Бәйтерек"монументінің жанында орналасқан.

Үйді басқа жаңа ғимараттармен шатастыру мүмкін емес. BI Group құрылысшылары жүзеге асырған американдық сәулетші Роберт Стерннің идеясы өзінің ерекше сәулетімен ерекшеленеді.

Ray Residenсe АҚШ-тың 20-шы жылдарындағы алтын уақыт – джаз дәуірі және Ар-деко стилінде салынған. Кешеннің стилі қатаң геометриялық пішіндермен, ашық түстегі безендірумен, сән-салтанатпен және заманауи материалдармен сипатталады. Балкондар мен терезелердегі қола түсті металл қосымшалары мен ашық түсті фасадтың үйлесімі ерекше талғампаздық береді.

Өздерін жетілдіруге дағдыланған адамдар үшін жасалған Ray Residenсe – бұл сәнді өмір салтының көрінісі. Кешеннің аумағында серуендеудің өзі бір ғанибет. Себебі, мұнда бірегей ландшафтық дизайн және ағаштардың көлеңкесінде орналасқан жайлы орындықтар бар.

Кешеннің ішкі аумағы Ray Residence резиденттерінің жайлылығы мен қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз етеді. Үй дуал және қақпамен қоршалған. Онда бейнебақылау жүргізіліп, тәртіпті тәулік бойы күзет бақылайды. Сырттан немесе шақырусыз келгендер аулаға кіре алмайды. Холлда тұрғындарды мейірімді консьерждер қарсы алады.

Мұнда әрбір бөлшек назар аударуға тұрарлық. Итальяндық технология бойынша жасалған фибробетоннан тұратын бірегей фасад, холлдағы мәрмәр еден, музыка мен тамаша хош иіс көзді ғана емес, жүректі де қуантады.

Сәулет жауһарының екінші кезегі 6 және 22 қабатты екі блоктан тұрады. Аз қабатты блокта орналасқан 11 пәтерге электронды құлыптар орнатылған. Олардың әрқайсысы қажетті функционалды кеңістікті қамтамасыз етеді.

Екі блокта да консьерждер болады, қонақтар үшін күту аймағы қарастырылған. Коворкинг аймағы тұрғындардың қарым-қатынас және жайлы демалу орнына айналады. Онда сіздің бос уақытыңызда кітап оқып, үстел ойындарын ойнау мүмкіндігіңіз бар. Айта кету керек, коворкинг биік ғимаратта, үшінші қабатта орналасқан.

Әрбір пәтерде консьерж пультіне сигнал беретін судың ағып кету, қозғалыс, жану сенсорларын қамтитын негізгі "ақылды үй" пакеті бар.

Көршілерді достық қана емес, екі кезек арасындағы көпір де біріктіреді. Сондай-ақ, екінші кезекте, 22 қабатты мұнарада қалаға тамаша көрініс ашатын бақылау палубасы орнатылған.

Екінші кезекте әлі де сатылмаған пәтерлер бар. Толығырақ сату бөлімінен немесе 360 байланыс нөмері арқылы білуге болады. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар