12 МАЯ / 22
Холдингтегі жаппай салықтық тексерулер туралы арандатушы және жалған ақпаратты таратуға қатысты
На казахском

Жекелеген БАҚ атап өткен BI Group компаниясындағы жаппай салықтық тексерулер туралы арандатушы және жалған ақпараттың таралуын болдырмау үшін мынаны түсіндіруді қажет деп санаймыз:

BI Group еліміздегі ең ірі салық төлеушілердің қатарына кіреді. Біздің Холдинг үшін, сондай-ақ құрылыс нарығының барлық қатысушылары үшін салық тәртібі адал қызметтің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Компания 2021 жылы мемлекеттік қазынаға 47 млрд теңге салық құйды – бұл барлық құрылыс секторы арасындағы ең үздік көрсеткіш. Холдинг 2019-2021 жылдары шамамен 100 млрд теңге салық төледі. Біз салық міндеттемелерін толық көлемде орындайтынымызды мақтан тұтамыз!

Сонымен қатар, BI Group – үлкен төрттікпен расталған KPMG аудиті, шоғырландырылған қаржылық есебі бар тұрғын үйдің жалғыз құрылыс салушысы.

Айта кетейік, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары атап өткен тексерулер заңға бағынатын барлық салық төлеушілер үшін жыл сайынғы және тұрақты болып табылады.

 

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар