26 ОКТЯБРЯ / 20 BI Development
Елордада ұлы неміс жазушысының құрметіне аталған үй пайдалануға берілді
фывфыв

Remark тұрғын үй кешені клубтық кешен санатына жатады. Қызықты сәулеттік келбеті мен пәтерлердің аз саны мұндай жобалардың басты ерекшелігі. Аталмыш кешенде 42 пәтер бар.

Нысанның орналасқан жері керемет. Үй «Мәңгілік ел» триумфальды аркасы мен Ботаникалық бақтың арасында орналасқан. Үй жасыл желекке көмкерілген. Мұнда бес және сегіз метрлік қарағай, шырша, қарағаш, жөке, шие, жұпаргүл, қарақат, бөріқарақат және жапон тобылғысы отырғызылған.

Кешенде ең озық технологиялар қолданылған. Олардың кейбіреулері компанияда алғаш рет қолданылып отыр. Мысалы, терезесі бар тұрақ. Нарықта көптеген жасанды шамдар бар, бірақ оларды табиғи жарықпен салыстыруға болмайды. Тұрақ қақпасы бір секундта-ақ ашылады. Сонымен қатар көшеде шлагбаум орнатылған, арнайы көліктің мемлекеттік нөмерін оқи алатын камералармен жабдықталған тағы бір тұрақ бар. 

Пандемия кезіндегі ұтымды шешімдердің бірі – бұл инфрақызыл перделер. Олар алдыңыздағы есікті автоматты түрде ашады. Бұл санитарлық тұрғыдан ғана емес, сөмкелері бар адамдар мен бала арбасы бар аналар үшін де ыңғайлы.

Елордада үй фасады үшін фибробетоннан төрт есе жеңіл, жанбайтын полимербетонды қолдану ең дұрыс шешім десек болады. Өйткені ол біздің континенталды климатымыз үшін тамаша қасиеттерге ие. Фасад температураның әсерінен жиырылмайтын және кеңеймейтін металлдың ішкі құрылымына орнатылады.

Немістің Kermi радиаторлары үйдегі жылу үшін жауап береді. Бүгінгі күні интерьер элементіне ұқсайтын олар жылу берудегі көшбасшылар. Үйдегі тыныштықты керамикалық кірпіштен жасалған пәтераралық қабырғалар, "қалқымалы" еденнің құрамындағы бес сантиметрлік дыбыс оқшаулағыш тақталар жоғарыдан естілуі мүмкін шудан сақтайды.

Мұндағы әрбір бөлшек үйдің жоғары мәртебесін көрсетеді. Барлық қабаттар мәрмәрмен әрленген. Сондай-ақ мұнда фоейде орналасқан 32 шамнан тұратын аспашам, тәулік бойы күзет, бейнебақылау мен консерьжі бар. Төбелердің биіктігі – 3,25 метр.

Барлық пәтерлер су ағу датчиктері, автоматты су жабу клапандары, күзет дабылы, қозғалыс және түтін датчиктері бар "ақылды үй" базалық пакетімен жабдықталған. "Ақылды үй" жүйесін қалауыңызға байланысты шексіз кеңейтуге болады. Сондай-ақ ТҮК-де суды тазартудың жеке жүйесі қарастырылған.

Кешенде Loft стилінде жасалған асханалардан басқа, пәтерлер, кеңселер мен  тұрақ орындары сатылып кеткен. Алайда компанияда басқа да қызықты жобалар бар. Олар туралы біздің сату бөлімдерімізден немесе 360 байланыс нөмірі арқылы білуге болады. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.



Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар