04 МАЯ / 18 BI Development
Сапаны серік еткен мамандар
На казахском

Осыдан 2 жыл бұрын компаниямызда өз жұмысын бастаған Сапаны бақылау бөлімі (ОКК) бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуіне, клиенттерімізге тапсырылатын үйлердің көңілден шығуына өз үлесін қосып келеді. Аталмыш бөлімде қызмет ететін инспекторлардың жұмыс жасаудағы басты міндет: құрылыс жұмыстарының барлық нормалар мен ережелерге сай жасалып, корпоративті стандарттардың сақталуын қадағалау, күнделікті тексеріс, ай сайынғы бақылау жұмыстарын жүргізу болып табылады. Бөлімнің ашылғанына аз уақыт болса да, барлық жоба жетекшілері инспекторлардың жұмыстарына көңілдері толып, олардың құрылыс барысындағы маңыздылығы мен қажеттелігін мойындап отыр. 

Аталмыш бөлімнің тағы бір басты миссиясы: өзгеріске дайын, барлық ережелермен стандарттарды жетік білетін сапаны серік еткен білікте де білімді мастер, прораб дайындау. Осы 2 жыл көлемінің алғашқы жылы жұмысқа қабылданған инспекторлардың 26-сы бүгінгі күні компаниямыздың көптеген жобаларында мастер лауазымында және өндірістік-техникалық бөлімде қызмет атқарып жүр.

Солардың бірі, күні кеше Атырау қаласында құрылыс жұмыстарын бастаған Zaman ТҮК жоба тобында мастер болып жүрген Ізбасаров Әділет:

«Мен университет қабырғасында 4-курс оқыған кезімде «BI-стажер» бағдарламасы бойынша құрылыс алаңына келген болатынмын. Тәжірибені сәтті аяқтап, сапаны бақылау бөліміне ауыстым. Бұл бөлімнің маған берген пайдасы өте мол болды. Күнделікті тексеріс жұмыстарын жауапкершілікпен жасауды үйрендім, клиенттеріміздің армандаған пәтерлеріне қол жеткізуіне өз үлесімді қосу, жұмысқа деген құлшынысымды арттырды. Жұмыстың барлық ерекшеліктерімен, айырмашылығын, негізін түсініп, өзімнің мастер болуға тәжіребием жететінін біліп, компаниямыздың жаңа жұмыс аумағы Атыраудағы жобаға топтың жасақталып жатқанын естігенімде, тестілеуден өтіп, жаңа күшпен, жаңа лауазымда жұмыс бастадым. Келер жылы күз мезгілінде тапсырылатын үйдің тұрғындарының табалдырық аттап кірген сәтін көруге асықпын».

Міне, әріптестеріміздің осы бөлімнен алып шыққан білімін, тәжірибесін дұрыс бағытта қолданып, олардың жетістікке жетуі биыл қабылданған стажерлардың жұмысқа деген құлшынысын арттырады деп сенеміз.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар