16 НОЯБРЯ / 21 Nova City Development
Sezim Qala бигвиллі жаңа кварталмен толықты
фывфыв

BI Group және Nova City ірі құрылыс компаниялары бигвилльдерді іске асыруды жалғастырады. Бүгінгі күні Nova City осындай екі жобаны: Sezim Qala және Жетісуді жүзеге асыруда, сондай-ақ GreenLine бигвилін игеруге қатысады.

Бигвилль көп пәтерлі үйлердің құрылысын ғана емес, сонымен бірге тиісті әлеуметтік инфрақұрылымды құруды да көздейді. Осындай аудандардың бірі – Тұран даңғылындағы Sezim Qala. Ол «Барыс Арена» мұз сарайына, Magnum гипермаркетіне, медициналық нысандарға жақын орналасқан. Қала жоспары бойынша мұнда мектептер мен балабақшалар да пайда болады. Өз кезегінде құрылыс салушылар тұрғын үйлерді белсенді тұрғызуда. Қарашаның 13-жұлдызында Р.Бағланова көшесіндегі Baqyt кварталының 8-кезегі тапсырылды.

Сәрсембаев Әлібек, бақыт менеджері:

«Фасадтық шешімдер тартымды ғана емес, сонымен қатар функционалды. Желдетілетін фасад жүйесі қабырғаларды ылғалдан қорғайды, оған қоса ол жоғары жылу оқшаулауымен ерекшеленеді. Олар талшықты цемент панельдерінен жасалған. Терезелер – металлопластиктен болса, каркас – монолитті темірбетоннан».

Индира, Sezim Qala Baqyt-тың болашақ тұрғыны

«Үйді аяқтап, бізге кілттерді беру осы жылдың желтоқсан айында жоспарланған болатын. Осындай қиын-қыстау кезеңде құрылыстың мерзімінен бұрын аяқталғаны қуанышымызды еселей түсті.  Біздің отбасымыз жасалған жұмысқа дән риза. Үйдің орналасқан жері, әдемі фасад, тіпті компания менеджерлерінің әрқашан байланыста болғаны өте қатты көңілімізден шықты».

Аталмыш кезектегі пәтерлер толықтай өз иелерін тапты. Алайда, егер сізді Sezim Qala бигвилліндегі өмір қызықтырса, онда сату бөліміне жүгініп немесе 340 нөміріне хабарласып ақпарат алуға болады . Компания менеджерлері сізге басқа кезектерден ойыңыздан шығатын, лайықты пәтерді таңдауға көмектеседі. 

 

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар