19 СЕНТЯБРЯ / 22 BI Development
Олимпиадашылардың ата-аналары мен жаттықтырушылары Шымкенттегі жаңа ипподромның құрылыс алаңына кезекті сапар жасады
фывфыв

Өткен демалыс күндері Шымкентте Бозарық ауданында салынып жатқан жаңа ипподром аумағында конкуршы балалардың ата-аналары, олимпиадалық резервтегі ат спорты мектебінің жаттықтырушылары, «Облыстық ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің басшылығы мен құрылыс компаниясының өкілдерінің кезекті кездесуі өтті.

Қатысушылар ипподром құрылысының тез аяқталып, жаңа жерде оқу-жаттығу жұмыстарының басталуына мүдделі екенін атап өтті.

«Жаңа ипподромның салынғанына және жақын арада осы жерге көшетінімізге өте қуаныштымыз. Мұндай деңгейдегі жоба елімізде олимпиадалық ат спортының дамуына септігін тигізетініне сенімдімін. Шымкентке берілетін нысанның дамып, жаңа спортшылардың қосылғанын қалаймын", - деді жаттықтырушы Екатерина Орловская.

Жиында сондай-ақ көлік қатынасын жүргізу, автобустармен қамтамасыз ету, құрылыстың аяқталуы мен нысанды пайдалануға беруге қатысты сұрақтар көтерілді.

 «Біз нысандағы құрылыс жұмыстарын айтарлықтай өсірдік. Игеру аумағы 1,5 есеге – 24 гектардан 39 гектарға, жарыс шеңберінің ұзындығы – 14 мыңнан 41 мың шаршы метрге, ені – бірден екі есе – 10-нан 20 метрге дейін кеңейтілді! Көкпар алаңы 16 000 шаршы метрден 18 000 шаршы метрге ұлғайтылды.Осылайша, жер жұмыстарының көлемі 550 000 м3 ұлғайды, бұл 27 000 самосвал. Сондай-ақ манеж яғни жаттығу алаңынан құрылысын да өз қаражатымыздан 1 млрд теңге қостық», – дейді BI Group компаниясының тарапынан жоба жетекшісі Айдын Жәкежанов.

Қонақтар бүгінгі күні Қазақстандағы ең үлкен жаңа ипподромның ауқымдылығына тәнті болды. Ал ат спорты мектебінің өкілдері мен ата-аналар компанияға Шымкент қаласы мен Түркістан облысының құрамасын оқу-жаттығу жиындарына бірнеше рет жібергені үшін алғысын білдірді, соның арқасында Қазақстан-2022 жаһандық туры аясында 7 жүлделі орынға және Almaty Horse&Polo Club Кубогы аясында 3 жүлделі орынға ие болды.

«Елімізде ұлттық спорт түрлерін дамытуға осындай жіті көңіл бөлініп жатқаны бізді қуантады. Бұл өте маңызды. Балаларымыз кәсіби деңгейде жаттығу жасап, жаңа әлемдік рекордтар орнатуы үшін жаңа ипподромның ашылуын асыға күтеміз», - деп өз әсерлерімен бөлісті жас чемпиондардың ата-аналары.

1 500 көрерменге арналған спорт кешені ірі халықаралық жарыстар мен ат жарыстары үшін негізгі орынға айналуға үміткер. Мұнда ұлттық спорт түрлері бойынша да, олимпиадалық іріктеу кезеңдері бойынша да кездесулер ұйымдастыруға болады.

Ипподромда жаттығу алаңынан бөлек, 100 атқа арналған атқора, жабық мінбер, ветеринариялық бөлімше, 310 көлікке арналған кең тұрақ салынуда. 

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар