26 НОЯБРЯ / 20 BI Infra Construction
Нұр-Сұлтанда скейтерлер үшін жаңа алаң ашылады
фывфыв

Келер жылы елордалық экстремалдар триатлон парк аумағында өз шеберліктерін шыңдай алу мүмкіндігіне ие болады. Бүгінгі күні скейтбординг – бұл жай ғана ойын-сауық емес, олимпиада ойындарының бағдарламасына енген спорт.

Біз әрдайым кәсіби мамандар үшін жағдай жасап келеміз. Бұл ретте скейт саябақтарындағы сырғанаушылардың прогресін арттыруға көмектесетін сапаға, сенімділік пен инновациялық идеяларға үлкен мән беріп отырмыз.

Скейт-парк – талантты жастар шыңдалатын ортаның іргетасы ғана емес, сонымен бірге үнемі талдауды, жақсартуларды қажет ететін құрал. Мұнда райдерлердің дамуына түрткі болу үшін республикалық және халықаралық маңызы бар жарыстарды өткізу қажет. Мүмкін дәл осы скейт-парктен жаңа олимпиада чемпионы шығады.

Болашақ чемпиондар үшін жеке қалалық алаң құру өте маңызды қадам. Скейт-парк жобасы Қазақстан скейтбордшылар қауымдастығымен бірлесіп әзірленуде. Мұнда трамплиндер, платформадан секіруге арналған рампа және басқа да құрылымдар пайда болады.

Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың 1 маусымына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Осы мерзімге дейін BI Group компаниясы қазіргі воркаут аймағында қосымша алаң мен арқан паркін салады. 

"Қосымша алаң көптеген азаматтарға белсенді өмір салтын жүргізуге мүмкіндік береді", - дейді жоба жетекшісі Андрей Негрий.

Енді компанияның сүйікті қаласына сыйға тартқан триатлон паркі тек жазда ғана емес, қыста да тұрғындардың сүйікті орнына айналары сөзсіз.

Экстрим-алаңнан басқа бұл жерде отбасылық демалыс үшін де кеңістік болады. Сондықтан, алаңда белсенді өмір салтын ұстанушылар шаңғы теуіп, заманауи әткеншектерде тербеліп, өз уақытын қызықты, әрі тиімді өткізе алады. 

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар