14 НОЯБРЯ / 20 BI Development
BI Group Шымкенттегі алғашқы тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтады
фывфыв

                BI Group Қазақстанның бірқатар қалалары үшін ауқымды және айтулы сәулет нысандарын салып, ең батыл идеяларды іске асырып келеді. Өткен демалыс күндері компания Шымкенттегі алғашқы Tamerlan Residence тұрғын үй кешенін тапсырды.

Бизнес санаттағы тұрғын үй кешенінің құрылысы 2019 жылы басталған болатын. Сол кезде еліміздің ірі құрылыс компаниясы Шымкент нарығына алғаш рет шыққанын жариялаған еді.

Тamerlan Residence-тің бірінші кезегі 12 және 16 қабатты төрт блоктан тұрады. Мұнда барлығы 197 пәтер бар. Тәулік бойы бейнебақылау, " көліксіз аула " – мұның бәрі пәтер иелерінің жайлы және тыныш өмірі үшін қарастырылған.

Автокөлік иелері үшін жүздеген орынға арналған екі деңгейлі жерасты паркингі, сондай-ақ қонақтарға арналған тұрақ бар.

Сондай-ақ кешенде серуендеу жолдары, спорт және ойын алаңы бар. Шырайлы Шымкенттің климаты жоғары температурамен ерекшеленеді. Сондықтан Tamerlan Residence-те көлеңке сыйлап, сая болатын көптеген ағаштар отырғызылған.

         "Шымкенттің жылжымайтын мүлік нарығы Нұр-Сұлтан мен Алматыдан айтарлықтай ерекшеленеді. Оның бірегейлігі – қала халқының шамамен 80% -ы жер үйде тұрғанды жөн көретіндігінде. Соңғы 2 жыл ішінде біз қала тұрғындарына көппәтерлі үйлерді ұсынып, олардың тұрғын үй кешендерімізге деген қызығушылығын оята алдық. Мәдени ерекшелік, сөзсіз, жылжымайтын мүлікті таңдауға әсер етеді. Шымкенттіктер туыстық байланысты өте жоғары бағалайды, бірнеше ұрпақпен бір шаңырақ астында өмір сүргенді жөн көреді. Сондықтан оларға үлкен шаршы метрлі үй қажет. Ауа-райы мен жаздың ұзақтығын ескере отырып, жоба инженерлерімен пәтерлерді кондиционерлеу жүйесін егжей-тегжейлі пысықтаудамыз. Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жобалау кезінде жазғы террассаларға арналған орындар қарастырылды. BI Group Шымкентте жылжымайтын мүлік нарығының дамитынына сенеді. Біз қаладағы көпқабатты үйлер санын арттырып, осы аймақта жетекші орынға ие боламыз", - дейді компанияның бизнесті дамыту жөніндегі директоры Расул Мұстафин.

            Жоба жетекшісі Ерлан Супеновтың пікірінше, Tamerlan Residencе-тің фасады мен дизайны ерекше:

             "Әрлеу жұмыстарына табиғи материалдың үш түрі қолданылды: травертин, клинкер және гранит. Гранитті орнату кезінде біз тегіс және жылтыр фасадқа қол жеткіздік. Тарихи мотивтер сарайдың қақпасына ұқсайтын тұрғын үй кешенінің логотипіне енеді. Холлдағы суреттердегі жауынгерлер бейнесі, ат үстіндегі шабандоздарды суреттеген паркингтегі көркем композиция Әмір Темір тарихы тақырыбына сілтеме жасайды. Тұрғын үй кешенінің тұжырымдамасы –  өткен мен бүгіннің тоғысуы".

          Tamerlan Residence Шымкенттің қарқынды дамып келе жатқан орталығында орналасқан. Дамыған жол желісінің арқасында көлікпен мегаполистің кез-келген нүктесіне жету оңай.

Кешенге бірер қадам жерде дендрарий, драма театр, Назарбаев Зияткерлік мектебі, №3 аурухана, Rahima Plaza мен METRO сауда орталығы сынды нысандар орналасқан. 

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар