28 НОЯБРЯ / 22 BI Development
Астанада таунхаустар ауданы салынды
На казахском

Астанада BI Group компаниясы өз клиенттеріне 14 таунхаус пен бір Vela Town коттеджінің кілтін табыстады.

Жобада жекеменшік үй мен көпқабатты пәтердің өзіндік артықшылықтары жарасымды үйлесім тапқан. Мұнда қауіпсіздік, жайлылық, экологиялық тазалық, инженерлік идеялар мен заманауи дизайн секілді ең үздік тұрғын үй шешімдері біріктірілген.

Vela Town-ның ең маңызды артықшылығы – оның экологиялық таза аймақта орналасуы. Ол Vela Village тұжырымдамалық қалашығына жақын, Family Village аумағына іргелес орналасқан. Кварталда жаңа тұрғындарға қажеттінің барлығын пайдалануға мүмкіндік беретін дамыған инфрақұрылым салынған. Кешенге жақын жерде BINOM инновациялық мектебі, НЗМ, «Дарын» мектебі, Назарбаев Университеті, АХҚО, «Астана Балет» театры, Ботаникалық бақ және MEGA Silk Way сауда орталығы болса, әлемдегі ең үлкен ондықтың тізіміне енген, 235 000 адамға дейін сыятын мешіт он минуттық жерде орналасқан.

Екі қабатты таунхаустар клинкер кірпішпен қапталған жинақы стильде салынған. Жобаның басқа да ерекшеліктері туралы жобаның бас инженері Ерасыл Төлеуқадыров егжей-тегжейлі айтып берді:

 «Таунхаустардың қаңқасы әрбір пәтердегі дыбыс оқшаулау мен жылудың ең жоғары талаптарына жауап беретін керамикалық кірпіштен тұрғызылған. Үйдің жалпы ауданы – 178-ден 233 шаршы метрге дейін. Қабырғаларының биіктігі – үш метр, екінші қабаттарда - 3,3-тен 3,6 метрге дейін болуы айрықша ерекшелігін көрсетеді. Күн сәулесінің 2,8 метрлік үлкейтілген терезелерден молынан түсуі күн батқанға дейін жасанды жарықтандыруды ұмыттырады. Әрбір пәтердің өзінің жеке кіреберісі, көлік тұрағы, гаражы мен жер телімі бар. ТМД елдеріндегі жылжымалы қоршау конструкциялары нарығында жетекші орынға ие Doorhan компаниясының қақпалары орнатылған. Кәріз және сумен жабдықтау орталықтандырылған, Zota электр қазандықтары арқылы автономды жылу жүйесі орнатылған. Пәтерлер бастапқы әрлеумен тапсырылады, жоба бойынша үйге желілерді тарту қарастырылған».

Көрші орналасқан үйлердің арасында биік қоршаулардың жоқтығы тағы бір ерекшелігін көрсетеді. Бұл үйдің аумағының көлемін қысқартпайды, ең бастысы, көршілер арасындағы қарым-қатынасқа ықпал етеді. Бұл ретте қауіпсіздікке алаңдаудың қажеті жоқ. Оған Vela Town-да PalGate бақылау жүйесі жауап береді. Таунхаустардың аумағына күндіз автоматтандырылған шлагбаум арқылы, ал түнде қақпа арқылы кіруге болады.

Vela Town-да барлығы ұсақ-түйекке дейін ойластырылған. Таунхаустағы әрбір тұрғынның бау-бақша егіп, балаларына шатыр тігіп ойнататын, үйдің артындағы ауласында барбекю жасай алатын жеке аумағы бар.

Жоба туралы толығырақ BI Group-тың сату бөлімдерінен және 360 қысқа нөміріне (ұялы телефоннан тегін) қоңырау шалу арқылы білуге болады.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар