23 МАРТА / 18 BI Development
Тұрғындар Наурыз мейрамын тойлады
На казахском

Тұрғындар Наурыз мейрамын тойлады

Көптен күткен Наурыз мейрамы «Арман қала» мен «Краун плаза» тұрғын үй кешендеріне де келіп жетті.

«АстанаЖилсервис» сервистік ұйымының ұйымдастыруымен болған мерекелік шараны тұрғындар көтеріңкі көңіл-күймен бастап кетті. Тұрғындарға арнап бауырсақ, Наурыз көже сияқты ұлттық тағамдармен дастархан жайылды.

Кішкентай тұрғындар, тіпті әжелеріміз «Қара жорға» биін билеп, мерекенің сәнін келтірді. Дәстүр бойынша, тұрғындардың үлкені ақ жаулықты аналарымыз барлығын Наурыз мейрамымен құттықтап, ақ батасын берді.

Әз-Наурыз құтты болсын! Шаңырақтарыңыз шаттыққа, бақыт-берекеге толы болғай!

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар