23 СЕНТЯБРЯ / 22 BI Education
БАӘ Астанада халықаралық мектеп салуға инвестиция салады
фывфыв

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары барысында Астана қаласында жеке мектеп салу бойынша BI Group құрылыс компаниясы мен International Community Schools арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. 

International Community Schools-тың БАӘ-де 55 елден 4500 студент оқитын 5 кампусы бар. Бұл мектептер желісі 1990 жылдан бері британдық және америкалық білім беру стандарттарына сәйкес жұмыс істейді және сапалы білім беру мен жаһандық деңгейде ойлайтын болашақ көшбасшыларды тәрбиелеу бойынша жоғары беделге ие.

«Біз үшін Астанада халықаралық деңгейдегі жобаны жүзеге асыру үлкен мәртебе. Араб мектебі әлемдегі ең мықты білім беру бағдарламалары бойынша білім береді, осы орайда біз оқу орнының еліміздегі өкілдігін құруға қатысқанымызға қуаныштымыз. Қазақстандықтар туған жерінен шықпай-ақ, әлемнің жас көшбасшыларымен тең дәрежеде білім алуға мүмкіндік алады», - деп атап өтті BI Group холдингінің бас директоры Асхат Омаров.

BI Group-тың білім беру саласындағы жобаларды жүзеге асыру бойынша тәжірибесі жеткілікті. Атап айтқанда:

• Компания Қазақстанның аймақтары мен ауылдық жерлерде инновациялық мектептер салуда;

•  Астанада жаңа BINOM форматындағы 5 оқу орны берілді;

• Lancaster Group-пен бірлесіп Quantum STEM Schools жеке мектептерінің желісін дамытып жатыр;

• Michigan State University капсуласы салынып, құрылысы басталды.

Жалпы алғанда, Қазақстан тарапы БАӘ бизнес-қауымдастығы өкілдеріне тау-кен металлургиясы, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ өнеркәсібі, құрылыс, білім беру және т.б. салаларда жалпы сомасы 6,5 миллиард доллардан асатын 40 инвестициялық жоба ұсынды. Кездесулер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қатысуымен экономиканың түрлі саласындағы жалпы сомасы 900 млн. доллар болатын бірқатар екіжақты коммерциялық жобаларға қол қойылды.


Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар