19 АВГУСТА / 20 BI Development
Жақында "Времена года" тұрғын үй кешені маңында №89 мектеп-лицейі жұмысын бастайды
фывфыв

Карантинге байланысты оқушылардың дені онлайн режимде оқиды. Дегенмен, өркендеп жатқан ел астанасындағы оқу орындарына деген қажеттіліктің бары баршамызға аян. Міне, "Времена года" тұрғын үй кешені тұрғындармен толығып,  "Лето" үшінші кезегінің 284 клиенті пәтер кілттеріне ие болды.

Жаңа жалпы білім беретін мемлекеттік мектепте оқу екі тілде жүргізіледі. Оқу орны көршілерін, яғни №59 мектеп жұмысының жүгін жеңілдетпек. Аталмыш мектепте  мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті сынып, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының кабинеті, сондай-ақ түрлі мамандандырылған сыныптар болады.

"Времена года: Лето" жобасының инженері Жанболат Жанзақовтың айтуынша, тұрғын үй маңында мектептің болуы үйді таңдаудағы басты факторлардың бірі болды.  Сондықтан екі блоктағы барлық 284 пәтер тез сатылып кеткен. Оған қоса, жақын жерде Ботаникалық бақтың болуы үйдің артықшылығын еселейді. Терезелерден баққа керемет көрініс ашылады. Бақшаны тамашалап қана қоймай, таза ауамен ләззат алуға, жүгіруге, белсенді спорт түрлерімен айналысуға болады. Аулада көптеген тренажерлар бар. Тот баспайтын болаттан жасалған сырғанауға арналған төбешік ерекше назар аударуға тұрарлық. Өз кезегінде, желі пайдаланушыларының бірі Dream City ТҮК ауласының суретін желіге жүктеп, ол желіде қызу талқыланған болатын. Енді осындай төбешік комфорт санатындағы тұрғындар үшін де қолжетімді. Тағы бір жаңашылдық – кіреберістің жанындағы орындықтар. Ал пошта жәшіктері енді тіптен орнатылмайтын болады. Компания олардан бас тартуға ниетті.  Өйткені қазіргі таңда барлық түбіртектер электрондық поштаға келеді. Оларды ұялы телефон қосымшасы арқылы алуға және төлеуге әбден болады. Ал тапсырыспен келетін хаттар мен сәлемдемелерді біздің үйлерде орнатылған арнайы тастаматтардан алуға болады.  

Компанияның тағы бір стандарты – әрбір өрт қорабына орнатылған дабыл қағу жүйесі. Бұл қадамға компания өрт сөндіргіштерді ұрлау көбейгеннен кейін барып отыр. Сондықтан, енді қалқанды ашқан мезетте бірден күзет пультіне белгі беріледі. Бұл қосымша шығын болғанымен, адамдардың қауіпсіздігі басты назарда.

Ботаникалық бақ жолдың арғы бетінде орналасса да, мұнда көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінген. Аулада шыршалар бой көтереді.Осы мақсатта паркингтің төбесінде альпілік төбешіктер орнатылған. Сондай-ақ, бадам, қараған және т.б. ағаш түрлері отырғызылатын болады.

Үшінші кезектегі пәтерлер аяқталғанымен, тапсырылуы 2021 жылдың маусымына жоспарланған соңғы кезекте пәтерлер бар. Толығырақ біздің сату бөлімдерінен немесе 360 қысқа нөмірі бойынша біле аласыз. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар