18 НОЯБРЯ / 19 BI Development
BI Group атыраулықтарға пәтер кілттерін табыс етті
фывфыв

BI Group атыраулықтарға пәтер кілттерін табыс етті

Атырауда қоныс той! Осыдан бір жарым жыл бұрын BI Group холдингі, еліміздің «мұнай астанасы» - Атырау қаласындағы жаңа тұрғын үй кешенін таныстырған еді, міне араға бірер уақыт салып 221 отбасы пәтер кілттерін алып, жаңа қоныстарын тойлады! 

Айта кетейік, бұл Атыраудағы BI Group холдингінің алғашқы тұрғын үйі. Жаңа Zaman тұрғын үй кешені қала орталығында, Исатай және Махамбет алаңының жанында орналасқан. 

Дәстүр бойынша қоныс иелерін Холдингтің көп қабатты үйлер салумен айналысатын BI Development компаниясының бас директоры Максим Чернышов құттықтады:

«Бұл біз үшін үлкен оқиға, өйткені Zaman еліміздің батыс өңіріндегі алғашқы үйіміз. Құрылысты бастамас бұрын, біз Zaman ең жайлы үй болуы үшін оның әр бөлшегіне дейін мән бердік – орналасуы, климат ерекшелігі, халықтың қажеттіліктері және т.б. Компанияға көрсеткен сенімдеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызда сәбилердің күлкісі сыңғырлай берсін!»

Тұрғын үй кешені екі кезектен тұрады. Кешен аумағында 64 000 шаршы метр жерде тұрғын үйдің қазіргі заманғы 4 блок және 150 орынды жерасты паркингі салынған. Үйдің төменгі қабаттарында кеңсе орындары, сондай-ақ дүкен, жалпы күнделікті тұрмысқа қажетті қызметтер үшін коммерциялық орындар қарастырылған. 

Пәтер кілтін алуға келген клиенттеріміз де ризашылығын жеткізді. 

«Қазіргі уақытта мен Англияда тұрамын, тіпті мұндай паркингті ол жақтан еш көрмеппін. Үй сапалы және сәулеті жағынан да өте тартымды салынған. Алдымен, біз осы компаниядан баспана алған достарымызбен және туыстарымызбен кеңестік. Бәрі бір ауыздан алуға кеңес берді. Үй де жылдам әрі уақытында салынды, енді жөндеу жұмыстары қалды. Пәтерді әкем сатып алды, енді оған жиі қонаққа баратын боламын. Құрылысшыларға үлкен рахмет!» – деді Тараз Жалымбетов.

Жаңа қоныс мейрамында үйдің қызыл лентасы қиылып, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Қалада бұрын-соңды болмаған сәулеті жағынан ерекше үй – Атыраудың көрікті ғимараттарының біріне айналды. Және үй таңдап жүрген клиенттерімізге жағымды жаңалық! Қазір құрылысшылар Zaman тұрғын үй кешенінің екінші кезегін тұрғызып жатыр. Толығырақ Сату орталықтарымыздан біле аласыздар.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар