29 АПРЕЛЯ / 23 BI Development
BI Green аясында астаналықтар 1185 көшет отырғызды
фывфыв

Астанада ағаш отырғызудың жаңа маусымы - BI Green науқаны басталды.

6 тұрғын үй кешенінің тұрғындарына: Nura Esil 3, «Сердце столицы» 1 және 2, Nexpo Classic, Grand Turan, Sezim Qala 1 және 2, сондай-ақ Vella Village коттедж қалашығының тұрғындарына Астананы көгалдандыруға және қоршаған ортаға қамқорлық жасауға үлес қосу мүмкіндігі ұсынылды.

«Біз BI Group үйіне көшкенімізге көп болмаса да, үшінші жыл қатарынан BI Green-ге қатысып келеміз. Біз әрқашан балаларымызды ертіп келеміз, оларға өзіміз үлгі болып, табиғатымызды қорғаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеміз. Осындай іс-шара үшін компанияға алғыс айтамыз!», - деп бөлісті Sezim Qala тұрғыны.

Жоба аясында 351 қылқан жапырақты және 378 жапырақты ағаш, сондай-ақ 460 бұта отырғызылды.

Ағаш отырғызудан басқа, холдингтің 400-ге жуық қызметкері сенбілікке Нұра-Есіл каналының жағасында, Capital Park бигвиллінде, Vella Village коттедж қалашығында және BI Town ТК-де шықты.

Мамыр айының соңына дейін елорданың басқа аудандарында және Алматыда отырғызу жоспарланған.

BI Green эко-акциясы 2020 жылы BI Group холдингінің 25 жылдығына орай басталды. 3 жыл ішінде жоба аясында Астана, Алматы, Шымкент және Атырауда 50 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды. Сондай-ақ, көгалдандыруға BI Group клиенттері мен қызметкерлері, Binom мектептерінің оқушылары, спорт федерациялары мен жеке компаниялардың өкілдері қатысады.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар