19 МАРТА / 19 BI Development
BI Group Алматыда «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін ипотека орталығын ашты
На казахском

BI Group Алматыда «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін ипотека орталығын ашты

 Алматыда BI Group құрылыс холдингінің BI Finance бірыңғай ипотека орталығы ашылды. Ипотека орталығы «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Осы арқылы холдинг клиенттеріне ерекше жағдай жасап отыр. Яғни холдингтің сату орталығына келіп, ипотекаға алғыңыз келген үйді таңдайсыз. Ал банкпен келісімшартқа отыру үшін әрі-бері жүріп сандалмайсыз. Сондай-ақ, жаңа орталықта кез келген қол жетімді мемлекеттік бағдарлама бойынша ипотеканы рәсімдеуге болады.
    «Қазір ипотекаға үй алушылардың саны артып келеді, өйткені ипотекалық бағдарламалар қол жетімді бола түсуде. Мәселен, 2018 жылы BI Group ипотекалық бағдарламалармен 2,2 млрд. теңгеге 98 пәтер сатқан. Ал 2019 жылдан бастап жалпы құны 0,4 млрд теңгені құрайтын 19 пәтер сатылды. Сондықтан клиенттеріміз уақыт жоғалпас үшін осындай орталық ашып отырмыз», – деді BI Development Almaty сату басқармасының бастығы Тимур Шаржау.
     Бұл жерден клиенттеріміз компаниямыздан кез-келген пәтерді таңдап, банктердің шарттарымен таныса алады. 2018 жылдың желтоқсанында BI Group құрылыс холдингі «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Сбербанк» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Қазақстан Ипотекалық компаниясымен» бірлесіп Бірыңғай ипотека орталығын құру туралы Меморандумға қол қойды. Ақпан айында олардың қатарына AltynBank банкі қосылды.
     BI Group холдингі Алматыда 5 тұрғын үй кешенін салды. Бұл 2 700 пәтер, 310 000 шаршы метр тұрғын үй.
Холдингтен ипотекаға үй алушылардың саны артып келеді. Мәселен, 2017 жылы бұл көрсеткіш 5,9% болса, 2018 жылы - 15%-ды құрады. Ал 2019 жылы 30 пайызға дейін арттыруды жоспарлап отыр.


Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар