13 ЯНВАРЯ / 23 BI Development Almaty
Алматының орталығында «ақылды» үй бой көтерді
фывфыв

Алматыдағы Central Avenue 3-1 тұрғын үй кешеніндегі 210 меншік иесі пәтер кілттерін қолдарына алды.

«Бизнес»  санаттағы тұрғын үй кешені оңтүстік астананың қақ ортасында Қаратаев және Әл-Фараби даңғылдарының бойында орналасқан.  Жақын жерде Тұңғыш Президент саябағы, Halyk Square аллеясы, Satbayev University, М. Ганди атындағы №92 лицей, Haileybury Almaty British School, Happy Ville балалар орталығы, Қазақстан Медиа академиясы, Forum СОО бар.

Кешеннің аула аумағы: спорт және ойын алаңдары, серуен және демалыс аймақтары, street workout-тан тұрады. Жабық аула – тәулік бойы бейнебақылауда. Сондай-ақ мұнда boxroom-дар, жабық тұрақ және велосипед тұрағы бар. Көгалдандырудың бірегей тұжырымдамасы жүзеге асырылған.

Холлдар кең, әрі сәнді етіп жасалған. Кіреберістер күтуге ыңғайлы және балалар арбасын қоятын орындармен қамтылған.

BI Group компаниясы құрылыста белсенді қолданатын «ақылды» технологиялардың арқасында пәтерлерге төрт жолмен: саусақ ізі, код, смарт-карта, механикалық кілтпен кіруге болады. IP домофониясы клиенттерге күзетпен байланысуға, келушілермен сөйлесуге, ТҮК-тің бақылау камераларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 «Туыстарым Central Avenue тұрғын үй кешенінің бірінші кезегінен баспана алды. Олардың ұсынысымен мен де өз үйімнің құрылысын BI Group компаниясына сеніп тапсырдым. Бүгін кілттерімді қолыма алып, бар үмітім ақталды. Маған жоғары стандарт пен кәсібилік, клиенттерге деген қарым-қатынас ұнады. Командаға алғысымды білдіремін!», - деді қоныс тойын тойлаушы Руслан.

Кешенде витражды әйнекпен, 4 метрлік биік төбелермен, бөлек желдеткішімен еркін жоспарлауға болатын коммерциялық бизнес үй-жайлар қарастырылған.

Сатылымда бос пәтерлер әлі де бар. Толық ақпаратты 360 нөмері бойынша, инстаграмдағы @bi.group.almaty ресми парақшасынан немесе компанияның https://bi.group/ru/ сайтынан алуға болады. Сондай-ақ сату бөліміне баруға немесе пәтерді online-режимде сатып алуды ресімдеуге және BIG App қосымшасында ДДҚ-ға қол қоюға болады.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар