28 МАЯ / 21
Роллс-ройс Тойота құнымен
фывфыв

Хилтон қонақ үйінде пандемия басталғалы бері алғашқы тұсаукесер өтті. ASSA ABLOY халықаралық концерні мен отандық CONNECTED HOME компаниясы өз өнімдерін ұсынды.

Бұл кеште танымал Hilton қонақ үйі түріктердің "барлығы бірге" сервистік қызметін еске салды. Қонақтарды түрлі аспаздық тағамдар мен дәстүрлі шығыс тәттілері күтіп тұрды. Дегенмен, ең "дәмді" ASSA ABLOY өнімдері болды. Бұл түрлі есіктер, құлыптар мен жабдықтар. Мысалы, енді қоғамдық бөлмелерге арналған есіктердің астындағы шектерді түсіруге болады, олар иістердің пайда болуына жол бермейді. Электрондық құлыптар үйіңізге келген адамның суретін ұялы телефонға жібереді.

"Біз Роллс-Ройсты Тойотаның құнымен сатамыз", - деді Мехди Пууранги, Assa Abloy компаниясының Түркия мен Орта Азиядағы вице-президенті, БАӘ. Осылайша, баға/сапа қатынасында жақсы өнімдер болған кезде, басқа брендтер үшін артық төлем жасаудың қажеті жоқ екенін айтады.

Отандық әзірлеушілерге де көрсететін дүниелер де болды. CONNECTED HOME компаниясының wallee-Z ақылды үйінің жаңа пакеті үйге кірген кезде шамдарды автоматты түрде қосуға мүмкіндік береді. Бұл ыңғайлы және қауіпсіз! Кеш соңында заманауи электронды құлыптың ұтыс ойыны өтті. 

Іс-шарада барлық санитарлық нормалар мен қатысушылардың ең аз саны сақталды.


Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар