09 ИЮЛЯ / 19 BI Construction & Engineering
Мемлекет басшысы Жекпе-жек сарайының ашылу салтанатына қатысты
На казахском

Мемлекет басшысы Жекпе-жек сарайының ашылу салтанатына қатысты

Нұр-Сұлтандағы жаңа Жекпе-жек сарайы Қабанбай батыр даңғылы мен Керей мен Жәнібек xандар көшелерінің қиылысында орналасқан. Үшбұрыш пішініндегі ғимарат қалықтап бара жатқан бүркітті бейнелейді. Кешеннің жалпы ауданы 32 мың шаршы метр. Сарайдың қақ ортасында жекпе-жектің барлық түрлерінен: бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика, каратэ және таэквандодан жарыстар өтететін және 5 мың орынды көрермен мінбері бар зал бар.
Дәл осы жерде әділқазы алқаларына арналған орын, комментаторлық кабиналар мен VIP зона орналасқан. Ал БАҚ өкілдері үшін 54 орынды баспасөз орталығы қарастырылған. Ал сауықтыру блогына - 4 жолақты 25 метрлік бассейн, балалар бассейні, SPA орталық пен жаттығу залы кіреді. Одан бөлек 43 бөлмелі қонақ үй, паркинг, мини-футболға арналған алаң және автотұрақ бар.
Ақтоты Раимкұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
- Спорт маңызды экономикалық және әлеуметтік бағытқа айналды десек те болады. Оған айқын дәлел Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен тұрғылызып, бүгін есігін ашып отырған "Jekpe-Jek” сарайы.
Айта кетейік, ғимаратты салған BI Group компаниясы, жобада 1 мыңғы жуық құрылысшы еңбек етті.

YouTube
BI Group завершил строительство Дворца единоборств "Jekpe-jek"

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар