07 ИЮЛЯ / 21 BI Development
Төбелерді әрлеу – қосымша шығын
На казахском
FreeDom тұрғын үй кешенінің 1-1 кезегінің клиенттері өздерінің электронды құлыптарының карталарын алды. Құрылыс – ең консервативті салалардың бірі. Бірақ мұнда да өзгерістер болып, жаңа стандарттар енгізілуде. Мысалы, жаңа ғимараттарда пошта жәшіктері қойылмайды. Өйткені олар макулатура жинау орнына айналды. Қазір газеттерге жазылатын халық аз, көбі БЕО түбіртектерін банктік қосымша арқылы алып, төлегенді жөн көреді. Сонымен қатар, компаниялар өрт кезінде қолданылатын техникалық дәліздерді безендіруден бас тартуда. Бірақ, бұл үйде қабырғалар боялып, баспалдаққа кафель төселді. Тағы бір жаңа стандарт - төбелерді безендіруден бас тарту. Ашық есік күнінде тек бірнеше клиент осындай әрлеуді қалады. Көпшілігі аспалы төбелерді немесе софиттері бар ГКТ конструкцияларын орнатуды жөн санайтынын жеткізді. Шынында да, төбені безендірудің ескі тәсілі кез келген адамды шығынға батырады. Өйткені түрлі қоспаларды сатып алу қажет, бір-екі жылдан кейін қайта күтімді қажет ететін тегіс төбені жасай алатын қымбат мамандарды табу қажет. Пандемияға қарамастан, нысан уақытында тапсырылды. Барлық пәтерлер, кеңселер, тұрақ орындары мен қоймалар сатылды. Фридомның бір ерекшелігі – фасадтың күрделі, әрі әдемі рельефтік дизайны. Кешенде кондиционерлер үшін себеттер қарастырылған. Әрбір алаңда 4 пәтерден бар. Электронды құлып арқылы есік екі әдіспен: карта және код ашылады. Төбелердің биіктігі – 2,7 метр болса, екінші және соңғы қабаттағы төбелер биікті - 3 метр. Еденді дыбыстық оқшаулау үшін минералды плита пайдаланылды. Алаңдағы пәтерлер арасында шуды оқшаулаудың жаңа технологиясы қолданылды. Кешен әлі толық дайын болмаса да, 1-1 кезектің тұрғындарында күркелер, көше тренажерлары, ландшафтық дизайн, көгалдандыру болады. Ауладағы жұмыстар қазан айында 1-2 кезекті тапсырған кезде аяқталады.
Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар