29 ЯНВАРЯ / 19 BI Development
«Газпром нефть» BI Group тәжірибесін үйреніп жатыр
На казахском

Сонымен, Санкт-Петербург мұнайшыларын біздің құрылысшылар несімен қызықтырған, олардың мұнда келуіне не түрткі болды?!
Айта кетейік, BI Group туралы олар YouTube арнасынан біліпті.
«Біз өткен жылдан бастап жұмыс процесіне Lean технологиясын енгіздік, интернеттен пайдалы роликтерді іздедік. Осылайша BI Group арнасына тап болдық. Өз қызметімізде біз үнемді өндіріс құралдарын үнемі пайдаланамыз, алайда бүгін көптеген мердігер ұйымдармен жұмыс істейміз, сондықтан тиімділікті арттыру үшін Lean-ды олардың да меңгергені маңызды. Сондықтан құрылыс компаниясының қызметі бізге барынша қызықты болды. Ал құрылыс нарығында табылған жалғыз - BI Group қана. Тіпті Ресейде осындай жүйе енгізген компаниялар өте аз», - дейді «Газпром» өкілдері.
Олар Lean жүйесін енгізу бойынша біздің Lean орталығының жұмысымен танысты. Енді ең үздік тәжірибелерімізді өздеріне енгізуді жоспарлап отыр.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар