18 ИЮНЯ / 19 BI Development
Астанада Хатико мүсіні пайда болды
На казахском

Астанада Хатико мүсіні пайда болды

Ең адал досқа арналған композиция - жаңа BI City Tokyo тұрғын үй кешенінің ауласында орналасқан. Бұл ескерткіштен бөлек тұрғындарға жаңа үйдің басқа да ерекшеліктері ұнады.
Үйді ең алдымен ашық түсті сыртқы келбеті ерекшелеп тұр. Әрине, сан түрлі пікірлер болды. Кейбірі бизнес-класс үшін ұстамды түстер дұрыс болар еді деп санайды. Алайда қаламыздың құбылмалы ауа-райын ескерсек, жылы түс тұрғындарға жыл бойы көтеріңкі көңіл-күй сыйлап тұрады.
«Үй фасады - «Фундермакс» HPL панельдері, экологиялық тазалығы мен сапасы бойынша алдыңғы қатарда әлі еліміздің климатына сай келеді. Жаңа стандартқа сәйкес күзет орындары енді паркингте емес, үй ауласында орналаспақ», - дейді жоба жетекшісі Сәкен Кулбаев.
Тұрғындар да ризашылығын білдірді. Болат пен Әлия осыған дейін «Верный» тұрғын үй кешенінде тұрған. Оларға әсіресе, «Токионың» орналасқан жері ұнаған. Неге десеңіз, үй қаламыздың таңдаулы ауданында орналасқан, жақын жерде «Астана Опера» театры, «Хан Шатыр», «Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталықтары бар.
Айтпақшы, үйде сатылмаған үш бөлмелі пәтерлер бар, бұл туралы толығырақ сату орталықтарынан біле аласыз.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар